Accessibility links

Үкіметте ауыс-түйістер болды


Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың хабарлауынша, Қазақстан президентінің өкімімен Талғат Ермегияев Қазақстанның спорт және туризм министрі болып тағайындалды.

Ауылшаруашылық министрі міндеті Асылжан Мамытбековке тапсырылды.

Қайрат Келімбетов экономикалық даму және сауда министрі болды.

Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметіне Ержан Қазыханов тағайындалды.

Өмірзақ Шүкеев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінде қалды. Премьер-министрдің орынбасарлары - Ербол Орынбаев пен Әсет Исекешев.
XS
SM
MD
LG