Accessibility links

Назарбаев Беларусь еліне көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь еліне көңіл айтты деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

"Қазақстанда Минскідегі «Октябрьская» метро станциясындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады", - делінген Назарбаевтың Беларусь президенті Александр Лукашенкоға жолдаған жеделхатында.

Назарбаев Қазақстан халқының атынан құрбан болған адамдардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтты.

Хабарларға қарағанда, дүйсенбі күні Минскідегі жарылыстан кемінде 12 адам қаза болып, 150-ге жуық адам жараланған. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, олардың арасында қазақстандықтар жоқ.
XS
SM
MD
LG