Accessibility links

Израиль сыртқы істер министріне коррупцияға қатысты айып тағылмақ


Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерманға қарсы коррупциялық қылмысқа қатысты айып тағылатыны туралы осы елдің бас прокуроры мәлімдеді.

Сонымен бірге күдіктіге айып тақпас бұрын өткізілетін тыңдау кезінде Либерманға өзінің кінәсіздігін дәлелдеу мүмкіндігі берілетіні хабарланып отыр.

Израиль прокуратурасының мәлімдемесінде сыртқы істер министріне "алаяқтық", "сенім білдірген адамның өз міндеттемелерін бұзуы", "арам ақшаны заңдастыру" және "куәгерді қорқытып-үркіту" сияқты баптар бойынша айыптар тағылатыны айтылған.

Либерманға қарсы тергеу ісі бірнеше жылға созылып келеді. Ол өзінің кінәсіз екенін айтып, тағылған айыптарды мойындамайды.
XS
SM
MD
LG