Accessibility links

НАТО Грузияны демократиялық реформа жасауға шақырды


Бүгін Берлиндегі келіссөздер барысында НАТО сыртқы істер министрлері Грузияны 2012 жылғы дауыс берулердің алдында сайлау реформасын жүзеге асыруға және құқықтық норма мен азаматтық қоғам ролін күшейтуге шақырды.

Альянспен ынтымақтастықты талқылаған Грузия сыртқы істер министрі Грегорий Вашадзе НАТО-дағы әріптестеріне Тбилиси қажетті реформаларға байланысты міндеттемелерін орындауға әзір деп атап көрсетті. Сонымен қатар ол Оңтүстік Осетия мен Абхазия жікшіл аймақтарында Ресейдің әскери күшеюйіне байланысты алаңдаушылық танытты.

Бұдан бөлек, НАТО министрлері Украина сыртқы істер министрі Константин Хрыченкомен кездесіп, әріптестік мәселесін талқылады.
XS
SM
MD
LG