Accessibility links

Ливиядағы Мисурата қаласын жүздеген адам тастап шықты


Халықаралық Қызыл Крест ұйымы Муамар Каддафидің әскери күші мен көтерілісшілер арасында кескілескен ұрыс жүріп жатқан Ливиядағы Мисурата қаласынан алты жүзден астам адамның кетуіне жәрдемдескенін мәлімдеді.

Қызыл Крест өкілдерінің айтуынша, сәрсенбі күні Мисуратаға ауыз су, дәрі-дәрмек пен тұтыну заттары тиелген кеме келіп жетпек. Бұның алдында халықаралық көші-қон ұйымы да мыңнан аса адамның Мисуратадан шығуына көмектескенін хабарлаған еді.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Ливияда қарулы соғыс жүргізіп жатқан тараптарды атысты доғаруға шақырып, Ливия үкіметі халықтың зорлық-зомбылық көріп, қырылуына жол бермеуі тиіс деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG