Accessibility links

Донорлар Чернобыльді қауіпсіз етуге көмектеспек


Халықаралық донорлар Киевте конференция өткізіп, Чернобыль ядролық реакторына жаңа саркофаг құруға көмектесу мәселесін талқылап жатыр.

Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозуның мәлімдеуінше, Чернобыльде жаңа саркофагты құру үшін 740 миллион евро қаржы керек.

"Біз артқа қайтып, болған оқиғаның алдын ала алмаймыз және апат салдарынан адамдардың зардап шегуінен құтыла алмаймыз. Бірақ Чернобыльді адамзат үшін қауіпсіз аймақ ете аламыз", - деді Баррозу.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Чернобыльге донорлар 470 миллион евро бөлуге уәде еткен. Еуропа Одағы бүгін қосымша 110 миллион евро қосатынын мәлімдеді.

Киевтегі конференцияға ЕуроОдақ пен өнеркәсібі дамыған елдердің "Үлкен сегіздік" тобы өкілдері қатысады. Хабарларға қарағанда, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ядролық қуатты қауіпсіз пайдалану жөніндегі саммитке қатысу үшін Киевке ұшып кеткен.

Алдағы аптада Украина Чернобыль АЭС-індегі апаттың 25 жылдығын атап өтеді.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG