Accessibility links

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Йеменге қатысты мәлімдеме қабылдамады


Йемендегі ахуалды жабық есік жағдайында талқылаған БҰҰ қауіпсіздік кеңесі бұл мәселеге қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Германия мен Ливан ұсынған мәлімдеме жобасына бірқатар елдер, солардың ішінде Ресей мен Қытай да бар, қолдау танытпаған. Ол мәлімдемеде Йемендегі ахуалға байланысты алаңдаушылық айтылған еді.

Йеменде бірнеше айдан бері президент Әли Абдолла Салехтің биліктен кетуін талап еткен жаппай шерулер жалғасып жатыр. Осы кезге дейін қақтығыстарда 120 адам қаза болған. Сейсенбі күні полиция шерушілерге қарсы тағы да оқ атып, үш адамның мерт болғаны туралы хабарланды.
XS
SM
MD
LG