Accessibility links

Обама Сирияны зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама Сириядағы наразылық танытушыларға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттері тоқтатылуы тиіс деп атап көрсетті.

Обаманың мәлімдемесі Сирия қауіпсіздік күштері президент Башар әл-Ассадқа қарсы шерулер барысында 90 наразылық танытушыны атып өлтірді деген хабарлардан кейін жарияланып отыр.

Осы аптада әл-Ассад Сирияда ондаған жылдарға созылған төтенше тәртіп жағдайы туралы заңның күшін жойған болатын. Обама мұны "бұралқы сөз" деп атап, Сирия президентін Ираннан көмек сұрамақшы деп айыптады.
XS
SM
MD
LG