Accessibility links

Ауғанстанда 3 НАТО әскері мен үкіметтің бұрынғы өкілі қаза тапты


НАТО хабарлағандай, ауғанстанның оңтүстігінде сенбі күні жол бойына қойылған бомба жарылысынан халықаралық одақтас күштердің екі әскері мерт болды. Шабуылдың нақты қай жерде болғаны туралы мәлімет берілмеді.

Үшінші әскер Каписа провинциясындағы тікұшақ апатынан қаза тапқан. Талибандар НАТО тікұшағын біз атып құлаттық деп мәлімдеді. Осы жылы Ауғанстанда құрбан болған шетелдік әскерлер саны 135-ке жетті.

Сонымен қатар Ауғанстан Ішкі істер министрлігі Хельманд провинциясындағы Маржах ауданының бұрынғы бейбіт жетекшісіне қастандық жасалды деп хабарлады. Абдул Захирге сенбі күні Лашкар Гахқаласында шабуыл жасалған.
XS
SM
MD
LG