Accessibility links

Армения Осман қырғынының 96 жылдығын атап өтуде


Армения Осман империясы кезінде қырылған армяндарын еске алып жатыр.

Армения 1915-1917-ші жылдары 1,5 миллиондай армян жүйелі түрде өлтірілген, сондықтан бұл қырғынды "геноцид" деп атау керек деп келеді. Бірақ Түркия оны "геноцид" деп атаудан бас тартып, Осман империясы кезінде 500 мыңға жауық армян қырылды, бірақ ол кезде түріктер де өлтірілген дейді.

АҚШ президенті Барак Обама Осман империясы тұсында жаппай өлтірілген армяндарды еске алу күніне арнап сөз сөйледі. Обама 1915 -1923 жылдары армяндардың қырылғанын XX-шы ғасырдың "ең ауыр қасіреті" деп атады.

Бірақ АҚШ президенті үшінші жыл қатарынан бұл оқиғаны геноцид деп айтпай келеді. Америкадағы армян қауымдастығы Обаманың бұл мәлімдемесін сынап отыр.
XS
SM
MD
LG