Accessibility links

Еуропада ұшақты басып алмақ болған қазақ дипломаты ұсталды


Қазақстан сыртқы істер министрлігі Еуропада ұшақты басып алып Ливияға ұшып баруға әрекет жасаған адамның ЮНЕСКО ұйымы жанындағы Қазақстан өкілдігінде тұрақты қызмет істейтін 48 жастағы Валерий Толмачев екенін растады деп хабарлайды «Новости-Қазақстан» агенттігі.

Халықаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қазақстан азаматы Валерий Толмачев Париж-Рим бағытында ұшып бара жатқан ұшақтың экипажын бәкімен қорқытып, ұшақты Ливия астанасы - Триполиге бұруға әрекет жасаған. Ол стюардесса әйелді жеңіл жаралаған, бірақ ұшақ экипажы оны ұстап, қарусыздандырған.

Римге қонған соң экипаж Толмачевті Италия полициясының қолына тапсырған.
XS
SM
MD
LG