Accessibility links

Батыс елдері Сирия билігін оппозицияны қуғындағаны үшін айыптады


Ұлыбритания, Германия және Франция үкіметке қарсы наразылық акцияларына қатысқан оппозицияны қуғын-сүргінге салғаны үшін Сирия билігін айыптаған қарар жобасын әзірлеп жатыр. Олар жобаны БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне ұсынбақ.

АҚШ Сирияға қарсы жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Дүйсенбі күні Сирияның оңтүстігіндегі Дераа қаласында қауіпсіздік күштерімен қақтығыста 40-қа жуық адам қаза болып, 70-тен аса кісі жараланғаны туралы ақпарат жетіп отыр.

Жалпы бірнеше аптаның ішінде Сирияда жаппай толқулар барысында 400-ге жуық адам қаза болған дейді құқық қорғаушылар.

Сирия билігі Дераа және тағы бірнеше қалада "исламшы террорлық топтар" әрекет етеді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG