Accessibility links

Иракта 2003 жылдан бері 14 мың адам жоғалған


Иракта 2003 жылдан бері 14 мыңнан аса адам хабар-ошарсызз жоғалған деп хабарлады адам құқығы жөніндегі министрліктің өкілі Аркан Камел.

Ол басқаратын комитет хабар-ошарсыз кеткендердің не себептен жоғалғанын анықтау мақсатында олардың туған-туыстарынан жуық арада іздеу-сауал қабылдай бастамақ. Премьер-министр кеңсесіндегі әскери департаменттің басшысы Фарук әл-Араджи бұл жерде әңгіме әскери іс-қимылдар, жарылыстар мен террорлық актілер барысында жоғалып кеткендер туралы болып отырғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар қазірде Иракта адамдарды кепілге ұрлап әкетіп, құн талап ету де кең етек алған.
XS
SM
MD
LG