Accessibility links

«KazakhGold» Ресейге сатылмайды


Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «KazakhGold Group Limited» компаниясының ресейдің «Полюс Золото» компаниясына сатылуы жарамсыз деп танылғанын хабарлады.


БЕСЕУДІҢ ҮСТІНЕН ҚОЗҒАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

«KazakhGold Group Limited» («KazakhGold») компаниясы және Ресейдің «Полюс Золото» акционерлік қоғамының «Jenington International Inc.( «Jenington») еншілес компаниясы KazakhGold -тың бұрынғы басшылары Асаубаевтар отбасының бес мүшесінің үстінен қылмыстық іс қозғалуына түрткі болды.

Алтын өндіретін компания бұрынғы басшыларды «көп жылдар бойы жалған келісім-шарттар жасау арқылы компанияның қаржысын жымқырып келген» деп айыптап отыр. Шағым берушілер компания басшылары 2006-2008 жылдары өндіру көлемі мен сатылған өнім және одан түскен пайданың мөлшері туралы ақпаратты жасырып келген дейді. «KazakhGold» және «Jenington» компаниялары айыптау туралы ақпаратты Қазақстанның тиісті органдарына жіберген.

Биылғы маусым айының 25-і күні Лондондағы Жоғарғы сот KazakhGold компаниясының бұрынғы басшылары Асаубаевтарға қарсы азаматтық шағымын қарай бастады.

ҚАЗАҚ АЛТЫНЫ РЕСЕЙГЕ САТЫЛМАЙДЫ

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің таратқан мәліметі бойынша Қазақстан Республикасының «Шикізатты пайдалану» туралы заңын бұзудың жаңа фактілері анықталуына байланысты «KazakhGold Group Limited» компаниясының акцияларын Ресейдің «Полюс Золота» Акционерлік қоғамына сату шешімі жарамсыз деп танылды.

Министрліктің Азаттық радиосына жолдаған жазбаша ақпаратында, бірқатар заң бұзушылықтарға байланысты «KazakhGold Group Limited» компаниясының акцияларын қосымша эмиссиялауға да тиым салынды. Қазіргі уақытта Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қарасты шикізатты пайдалану департаменті «KazakhGold Group Limited» компаниясынан акциялар пакетін сатып алу бағасына қатысты толық ақпарат беруін сұрап отыр.

KAZAKHGOLD-ТЫҢ ЖАУАБЫ

Ал «KazakhGold» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, әрі «Полюс Золото» акционерлік қоғамының директоры Евгений Ивановтың баспасөз мәлімдемесінде: «Біз «KazakhGold» компраниясының бұрынғы басшыларының әрекеттерін Қазақстанның құзырлы органдарына хабарлап айтқан болатынбыз. Компанияның бұрынғы басшыларының іс-әрекетін тексеріп, тиісті шаралар қолданылуын құптаймыз.

Біздің пікірімізше, аталмыш мәселені заң талаптарына сай шешу Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, шетелдік инвестицияны тартуға ықпал етеді. Сонымен бірге «KazakhGold» компаниясы 2016 жылға дейін бір жылда өндірілетін алтынның көлемін 500 мың трой унцияға дейін өсіруге себін тигізеді. «KazakhGold» компаниясы сот талқылауы барысында қайтарылған қаржыны Қазақсанда алтын өндіру мен өңдеу жұмыстарына жұмсамақ.

Сонымен қатар, KazakhGold» компаниясы жалған келісім-шарттар арқылы заңсыз түрде бюджеттен қайтарылған қосымша құн салығын қазынаға қайтаруға дайынбыз. 2008-2009 жылдарға қосымша құн салығы 25 млн АҚШ доллорын құрап отыр. Компания жауапкерлерден өзінің жеке заңды шығынын да төлеткізбек» деп жазылған.

«Полюс Золото» акционерлік қоғамының баспасөзбен байланыс бөлімінің директоры Антон Аренс «KazakhGold» компаниясының ресейлік «Полюс Золото» компаниясына қосылуы мен «Полюс Золото» акционерлік қоғамына еншілес «Jenington» комапниясымен келісім-шарт жасаспақ болған «KazakhGold» компаниясының бұрынғы басшыларына байланысты деп болжайды.

-Осы мәселеден кейін «KazakhGold»-қа еншілес компаниялар Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен «KazakhGold» компаниясының құнды қағаздарын сатып алуын Қазақстанның құзырлы органы жарамсыз деп танығаны туралы хат алды. Мүмкін бұл 2009 жылғы «Jenington» компаниясына бұрынғы басшылар жасаған ұсыныс пен 2010 жылдың аяғындағы «Плюс золото» компаниясына «KazakhGold» компаниясын косу туралы ұсыныс себеп болған шығар. «KazakhGold» компаниясы тарапынан 100 миллион АҚШ долларына тең акция берілді. Хатта «KazakhGold» компаниясының келісім-шартының бағасы сұралған. Компания Қазақстан үкіметі сұратқан барлық мәліметті беруге дайын.

Алайда, Асаубаевтар отбасы жалдаған адвокаттардың шілде айының басында жариялаған мәлімдемесінде талапкердің Асаубаевтарға кінә тағуына еш негіз жоқ екендігі айтылады.
XS
SM
MD
LG