Accessibility links

Қазақстанда есірткіге әуес жастар көп


Республикада бір аптаның ішінде ғана есірткіге қатысты 144 қылмыстық іс тіркеліпті. Оның елу екісі есірткіні заңсыз сатуға байланысты.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және әлеуметтік есепке алу комитетінің мәліметінше, Қазақстанда қазір 54 мыңға жуық нашақор тіркелген. Олардың 58 пайызын 14-пен 30 дың аралығындағы жастар құрайды.
ҚР ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төраға міндетін атқарушы Далелхан Сабуров сейсенбі күні Азаттық радиосына берген сұхбатында жыл өткен сайын заңсыз есірткі саудасының өршіп бара жатқандығын хабарлады:
- Соңғы 2 айдың ішінде 7 тоннадан артық заңсыз есірткі саудасына тосқауыл қойылды. Оның 6 тоннасы шілде айында тәркіленген. Биылғы жылы тіркелген қылмыстың саны 5693. Оның ішінде есірткіні заңсыз сату 2833 болса, сырттан келушілерге қатысты қозғалған қылмыс былтырғы жылға қарағанда 15,4 пайызға артып, оның саны 150 болып отыр.
Сондай-ақ ол, заңсыз есірткі саудасымен күрес мақсатында Қазақстан бойынша «Көкнар» операциясының басталғандығын тілге тиек етті:
- 4 шілде күні Шу ауданындағы құмды аймақта Каримов пен Жамалов деген азаматтардан 1 тонна 495 келі, ал 7 шілдеде Сарбасов деген азаматтан 2 тонна, 202 келі марихуана тәркіленді. Былтырғы жылмен салыстырғанда героиннің заңсыз саудаға түсуі 254 пайызға асып, 283,3 келі құрықталды.
Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне жүгінсек, 2008 жылы Ауғанстанда 8 мың тонна апиын өндірілген. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Оның үштен бір бөлігі Қазақстан арқылы Ресей мен Еуропаға тасымалданады. Ресми мекемелер жағрапиялық орналасуына орай есірткінің 10 пайызының Қазақстанда қалып қоятындығын айтып отыр. Оның сыртында Қазақстанның Жамбыл облысындағы Шу өңіріндегі 140 мың гектар жерде есірткі өсіріледі. Былтыр ол жақтан 21 тонна есірткі тәркіленген.
Бір грамм героин 8 нашақордың бір мәрте егуілуіне жарап жатыр.Қара базарда героин мен марихуананың бағасы Оңтүстік аймақтарада 130 пайызға, ал Солтүстік аймақтарда екі есеге өскен. Астана мен Алматыда бір грамм героин 5 мың теңге тұрады екен.
Біз осы мәселге қатысты қала жастарын әңгімге тартқанымызда, олар «үлкен» бизнестің ұсақ орындар арқылы іске асатындығын айтты. «Азаттық» тілшісіне сұхбат беруге келіскен Бақыт Арғынбаев есімді студен қаладағы түнгі клубқа жиі баратындығын айтып, әңгіме барысында онда ара-тұра есірткі сатумен айналысатын жастардың жиі кездесетінін жасырмады:
- Түнгі клубтар мен кафе-барларда сыраға, т.б. сусындарға есірткі қосып сатады екен. Оны талай естігенмін бар, өзім де куә болғанмын. Осы ЖОО арасында да жүргенде жастардың шөп сатып жүргенін жиі көреміз. Оның өзі ертеңгі болшаққа үлкен зиян.
Қалалық есірткі бизнесімен күрес басқармасы қаладағы 12 түнгі клубқа тексеру жүргізіпті. Соңғы жылдары есірткіге жол берген 6 түнгі клуб жабылып, олардың басшылары жауапқа тартылыпты.
XS
SM
MD
LG