Accessibility links

Баспанасыз әскерилер наразылық танытты


18-ші қараша 2008 жылы "Баспанасыз әскерилер кеңесі" Алматы гарнизоны бойынша әскери қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ететін Алматы аудандық пайдалану бөлімінің алдында наразылық акциясын өткізді. Олар басшылыққа өздерінің үндеулерін тапсырмақшы болды. Олардың қолында ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметовті әжуалаған сатиралық плакаттар да болды. Бірақ пикет өткізушілерге пайдалану бөлімнің басшылары жауап берген жоқ.

Қарсылық акциясының өткізілуіне кедергі келтірмеген полицейлер, акция аяқталысымен офицерлерді ұстап алып, Алматы қаласының Түрксіб аудандық ішкі істер басқармасына жеткізді. Полицейлер заңсыз пикет өткізгендері үшін оларға әкімшілік шараларын қолданбақшы.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG