Фильм авторларының айтуынша фильмнің жаңартылған түрін бір жағынан, бұрынғы «Иненің» қайта шығарылған нұсқасы деп атауға болады. Ал бір жағынан алып қарағанда бұл қайта монтаждалып, дыбысталып өңделген жаңа фильм дейді олар.
- Жаңа жоба – бұл менің ең жақын досым осыдан 20 жыл бұрын көлік апатынан қайтыс болған Виктор Цойдың құрметіне арналады, - деді фильмнің режиссері Рашид Нұғыманов.
«Қазақфильмде» бұрынғы «Инеден» қалған архивтік материалдардың бәрі жойылған.
Фильмнің сюжеті толықтырылғанмен түбегейлі өзгермеген. Тіпті актерлар да. Кино мамандарына тек басты кейіпкер Мороны сомдаушы Виктор Цойдың образын жаңа қырынан көрсету біршама қиын болыпты.
Мұны жасау күрделі болды. Неге десеңіз, «Қазақфильмде» бұрынғы «Инеден» қалған архивтік материалдардың бәрі жойылған. Сондықтан жеке архивімде сақталған Виктор Цой түскен бейне материалдарды қолданудан басқа амал қалмады, - дейді Рашид Нұғыманов.
Дегенмен сценарийдегі кейбір эпизодтарға архив материалдары жетпей қалған. - Дублердың түскенін қаламадым, сондықтан мұндай жерлерін графикалық кескіндемелермен алмастырдық, - деді Рашид Нұғыманов.
Кинодағы өзге кейіпкерлер де өзгермеген. Бұрынғы «Инедегі» Спартак рөлін сол баяғы Ресей актеры Александр Баширов, Дина рөлін кәсіби емес актриса Марина Смирнова сомдайды.
Дублердың түскенін қаламадым, сондықтан мұндай жерлерін графикалық кескіндемелермен алмастырдық.
- 20 жыл бұрын болған оқиғаларға зор ықыласпен қайта бойлап кірдім. Менің ойымша тамаша туынды боп шыққан, - деді фильмге түскен Архимед Ысқақов.
Мамандардың айтуынша дәл осы фильмде каратэ мен музыка өнерін жақсы меңгерген Виктор Цой мен оның кинодағы Моро образы қабысып, бүтін бір тұлғаға айналады. Басты рөлін «Кино» тобының жетекшісі Виктор Цой сомдаған «Ине» фильмі 1988 жылы «Қазақфильм» студиясында түсірілген.
Біз Алматыда фильмнің премьерасына келген тұрғындардың пікірін біліп көрген едік.
- «Иненің» ремиксі ұнады. Түпнұсқасына қарағанда біршама жеңіл, әрі әсерлі шыққан. Жас ерекшелігіме байланысты ма, әлде 90-шы жылдарды ұнатпаймын ба, бұрындары маған осы «Ине», «Балкон» сияқты фильмдер ұнамайтын. Бірақ ремиксті көргеннен кейін бұрынғы «Инені» тұтастай көргім келіп кетті. Себебі, дәл сол «Ине» түсірілген шақ - менің алғаш мектепке барып жүрген кезімді елестетеді. Кенеттен айналамдағы адамдар күлімдеуін қойып, айналаның бәрі ақ-қара түске боялған шақ, - деді Алматы қаласының тұрғыны Бота Жұмашева.
«Иненің» ремиксі ұнады. Түпнұсқасына қарағанда біршама жеңіл, әрі әсерлі шыққан.
- Фильм аса қатты ұнады деп айта алмаймын. Өзім «Кино» тобының әндерін ұнатамын. Фильмге сол үшін келдім десем де болады. Виктор Цойдың бізге белгісіз қырларын білгім келді. Виктор Цойдың тәкаппарлығы, адалдығы ұнайды. Жаңа фильмде бұл қыры толығымен ашылған. Жалпы фильмның әлемдік танымалдыққа ие болуының себепкері – аты аңызға айналған Виктор Цой, - деді көрермендердің бірі Дәурен Көбеев.