Accessibility links

Қазақстан тағы да басқа елдің көлігін құрастырмақ


Алматыдағы автокөлік жөндеу орындарының біріндегі жас жұмысшы. Көрнекі сурет.
Алматыдағы автокөлік жөндеу орындарының біріндегі жас жұмысшы. Көрнекі сурет.

Қазақстан үкіметі елде шығарылатын автокөліктерді шетелдік зауыттардан әкелінетін бөлшектерден құрастырғанды жөн көреді. Ал отандық автоөнеркәсіп саласын дамыту үшін нақты бағдарлама қажет.


АВТОКӨЛІК ҚЫЗМЕТІ НАРЫҒЫ

Қазақстанда соңғы екі ай ішінде автокөлік қызметі нарығы үшін аса маңызды бірнеше оқиға болды.

Біріншіден, елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қостанайда «Ссан Ён» маркалы жолға төзімді көлікті құрастыру жұмыстары басталды.

Бұл жобаны Оңтүстік Кореялық SsangYong Motors Corporation компаниясы, «Агромашхолдинг Казахстан» компаниясы, «Аллюр авто» және Қазақстан көлік және коммуникация министрлігінің иелігіндегі Қазақстандық лизингтік көлік компаниялары бірлесіп қола алып отыр.

Құны 16 миллион долларлық жобаға мемлекет есебінен 6,5 миллион доллар бөлінген.

Екіншіден, Қазақстан автобизнесі Ассоциациясы, жаңа жеңіл автокөліктер нарығына жасаған шолуында, биылғы жылдың алты айында Қазақстан базарында автоқызмет жұмысымен айналысатын ресми диллерлер арқылы 5113 шетелдік көлік сатылғанын хабарлады. Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 112 көлік артық сатылған.

Үшіншіден, биылғы жылғы шілденің 1-інен бастап Қазақстан Республикасына автомобиль тасымалдаушы жеке тұлғалардан алынатын кедендік баж мөлшері азайтылды және бұл жеңілдік келер жылдың ортасына дейін сақталады деп хабарланды.

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖОБА

Қостанайлық жобада Kyron, Actyon және Rexton сияқты жолға төзімді көліктің үш түрлі моделін шығару қарастырылған.

Автомобильдердің бағасы шамамен 20-32 мың доллар шамасында.. Жобаға қатысушылардың бірінің айтуынша, «жолға төзімді көліктің өзімізде құрастырылған үлгісі шет елден әкелінетін осындай көліктерге қарағанда 30-35 пайыз арзанға түседі».

Жобаға қатысушылар бес жылдан соң автомобиль шығару көлемін жылына жеті жарым мыңға жеткізуді, ал онан әрі өндірістік қуатты күшін жиырма бес мыңға дейін арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ, алдағы алты жыл ішінде автобөлшектердің 30 пайызын шығару мүмкіндігі де бұл жобаның маңыздылығын арттырады. Бұл – осы аймақта қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты «бұл жобаны іске асырудың қажеттілігі қандай, Қазақстан автонарығының жалпы жағдайына қалай әсер етеді?» деген сауал туындайды.

Бұл сауалдың жауабын жобаға қатысушалардың өз ауыздарынан естуге болады.

«Біздің автомобиль өнімдерін басты тұтынушылары Ресей болады деп есептейміз», - дейді Қазақстандағы «Ссан Ён», «Аллюр авто» дистрибьютер компанияларының бас директоры А.Лаврентьев.

Ал «Агромашхолдинг Казахстан» кәсіпорнының президенті Дин Ким: «Белоруссия нарығына да сенім артуға болады. Қазір біз олардың өнеркәсіп орындарымен тығыз қарым-қатынас жасап жатырмыз. Олар бізге ауылшаруашылық техникасын жеткізеді. Біз Беларуссияның өнеркәсіп министрлігіне хабарласып, өнім алмасу туралы екіжақты тиімді ұсыныс жасамақпыз: Олар бізге бұрынғысынша, техника жеткізеді, біз оларға айырбасқа «Ссан Ён» көлігін ұсынбақшымыз. Сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстан нарығына да шығуды жоспарлап отырмыз» деген ойын жеткізді.

Сонда, мемлекет өзінің қаржысын аталмыш жобаға шығындағанда ең әуелі көрші елдердің автоқызмет саласын оңалутыд ойлап отар ма Мұндай жағдайда, өз азаматтарымыздың сұранысын кімдер ойластырмақ? Көрші мемлекеттер емес шығар!

Әрине, көрші елдердің нарығын игеруге ұмтылыс – қуанарлық жайт, бірақ көршілес мемлекеттерде де автомобиль бағасының құны басты рөл ойнайтынын ескеру керек. Ондағы тұрғындардың материалдық жағдайы да жалпыға мәлім: олар да Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайынан алшақ кеткен жоқ. Алдын-ала есеп жасаған Қазақстандық сарапшылар не ойлаған?

БАҒА САЯСАТЫ

Қазақстандағы автоқызмет нарығын ресми дистрибьютерлер меңгеріп барады. Қазақстандық автобизнес Ассоциациясының хабарлауынша, биылғы жылдың алты айында олар 5 113 автокөлік сатыпты.

Қазақстанда бағасы шамамен 5-10 мың доллар аралығындағы UZ-DAEWOO – Nexia және Matiz маркалы автомобильдер көп сатылған. Рас, көп өтетін өзге де танымал көліктердің орташа бағасы да 10-15 мың доллар шамасында.

Көптеген сарапшылар мен ескі көлік сататын кәсіпкерлер "Қазақстан Кедендік одаққа кірсе, бұл автоқызмет нарығы күйрейді" деген болжамдарын өткен жылдың аяғынан бастап айта бастады. Қазір көптеген ресми дилерлер жеке тұлғаларға жеңілдік беретін жаңа кедендік салыққа наразы болып отыр.

Жеке тұлғалар үшін салық жеңілдігін енгізу қарсаңында Қазақстандық автобизнес ассоциация басшысы Арсений Сидоров өз болашақтары жайлы: «Мұндай кезде бизнес жүргізу мүмкін емес. Егер үкімет жеке тұлғалар үшін сырттан енгізілетін автокөліктерге жеңілдіктер енгізсе, ресми дилерлер автосалондарды жауып, қырық мыңнан аса жұмысшысы бар (ассоциация мәліметі. - Автор) еңбек ұжымдарын таратуға мәжбүр болады» деп сипаттады.

Қазақстан үкіметі ақыры дилерлерге де, көлік алушыларға да қолайлы мәмілеге келді. Тек ескі көліктерге ғана қатысты «Көлік жүйесін жеке тұлғалардың өз тұтынуларына алмастыру мәселесі туралы» қаулы қабылданды.

Үкіметтің бұл қаулысына халық қатты наразы болды. Бір таңқаларлығы, азаматтар оны үкімет сайтының «Үкіметтің қаулысы және премьер-министрдің пәрмені» бөлімінен таба алмайды. Бұл қарама-қайшылықтың түйіні тек алты айдан кейін ғана түсінікті болады.

АВТОКӨЛІК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУДЫҢ НАҚТЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЖЕТ

Қазақстандық автомобиль саласының ту ұстары «Азия Авто» компаниясына не болды? Бұл – 0-ден 5 пайызға дейінгі жеңілдікпен бөлшектер тасымалдауға рұхсат берілген 20 автоөнеркәсіптің тізіміне Қазақстаннан енген жалғыз зауыт.

«Азия Авто» компаниясы Lada, Skoda, Chevrolet, Cadillac, KIA сияқты дүбара модельдерді саудалап қала беретін сыңайлы.

Тіпті, заманның жақсы кезінде де Өскемендегі автоқұрастыру өнеркәсібінің негізгі өнімі «Ваз» көліктері болды. Енді АвтоВАЗ кедендік рәсімдеуге шығынданбай-ақ, өнімдерін Қазақстанға өз күшімен енгізе алады. 2010 жылдың жеті айында «Азия Авто» компаниясы небары 1 145 автомобиль өткізіпті. Яғни, айына 163 көлік сатқан. Қазақстандағы UZ-DAEWOO-ның ресми дилері соңғы алты айда сатқан көліктерден 15 автомобилі ғана артық. Бұл жерде түсінік беріп жатудың өзі артық.

Қазақстанда мемлекеттің екпінді индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бар, алайда, елімізде автоөндірісті дамытудың нақты бағдарламасы әлі жоқ сияқты.

Қазақстан үкіметінің осы шалағайлығы -бәрі баланың ойыны сияқты, немесе жұртты алдау тәрізді.

Бұл салада мықты деген Ресейдің өзі заманауи автомобильдерді бастан-аяқ өздері құрастыра алмайды. Көршілеріміздің оған лайық технологиясы жоқ. Мемлекет елдегі бұқара халықтың негізгі сұранысын қанағаттандырып, оны жүзеге асыру үшін өзі автомобиль жобасына тапсырыс беруі, сатып алуы тиіс. Тым болмаса, Италияның «Фиат» концернінен «Ладаны» сатып алған Совет Одағының амалына жүгінуі керек.

Әйтпесе осындай жобаны жүзеге асыру үшін әлемдегі ірі көлік алпауыттарының біріне қолайлы жағдай жасау керек.

Бұған байланысты талай мысал келтіруге болады. Көршілес Өзбекстанда 1994 жылы Uz-Daewoo Auto Co бірлескен кәсіпорыны құрылды. Халық саны 10,5 миллион адамды құрайтын Чехияда 1991 жылы Skoda және Volkswagen фирмалары бірігіп, Škoda, automobilová a.s. кәсіпорынын құрды. Халқы 24,5 миллионан аспайтын Румынияда 1998 жылдан бері автомобиль өндірісі Renault концернінің еншілес кәсіпорнының қарамағына алынып, соның негізінде Dacia атты автомобиль шығарып жатыр.
XS
SM
MD
LG