Accessibility links

«Қарабах күнделігінің» авторы Эйнулла Фатуллаев тағы екі жарым жылға сотталды


Әзірбайжандық журналист Эйнулла Фатуллаев сот залында. Баку, 17 маусым 2010 жыл.
Әзірбайжандық журналист Эйнулла Фатуллаев сот залында. Баку, 17 маусым 2010 жыл.

Әзірбайжан журналисі Эйнулла Фатуллаевқа үшінші сот үкімі шығарылды. Түрмеде отырған оппозициялық газеттің редакторы енді есірткі сақтады деп айыпталды.


ТҮРМЕДЕ ТАБЫЛҒАН ГЕРОИН


«Реальный Азербайджан» оппозициялық газетінің редакторы Эйнулла Фатуллаевқа қатысты сот үкімі сейсенбі күні шықты. Бакудегі Гарадаг аудандық соты журналисті заңсыз есірткі сақтаған деген айып бойынша кінәлі деп тауып, 2 жыл 6 айға соттады. Ал прокурор болса айыпталушыны үш жыл бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

2009 жылы желтоқсанның аяғында түрмедегі Эйнулла Фатуллаевтан 0,22 грамм героин табылды деп хабарланды. Журналистің өзі есірткіні түрме жазасын ұзарту үшін әдейі тастаған дегенді айтып отыр.

Сот үкімін орындау жаза шығарылған күннен бастап күшіне енді. Осылайша үш жылдан бері қамауда отырған Фатуллаевтың түрмеде отыру мерзімі тағы да созылды.

Фатуллаевтың адвокаты Исахан Ашуров сотта заң бұзылды деп мәлімдеді. «Шекарасыз репортерлер» ұйымының бақылаушысы Эльза
«Шекарасыз репортерлер» ұйымының өкілі Эльза Видаль. Баку, 17 маусым 2010 жыл.
Видаль журналиске шығарылған үкімді сынады.

Видалдің айтуынша, сот процесі барысында Фатуллаевтың есірткіні қолданған-қолданбағаны анықталған жоқ. Бұған қоса, Видаль есірткі табылғандығын растайтын тәуелсіз куәгерлер болмағандығын алға тартып отыр.

Халықаралық бақылаушы Фатуллаевқа қарсы кезекті қылмыстық істі «саяси тапсырыс» деп сипаттады. Видалдің пікірінше, редакторды қудалаудың бірден-бір себебі оның кәсібімен байлынысты болып отыр. Өйткені Фатуллаев ел президенті Ильхам Әлиев пен оның үкіметін сынап жазған еді.

«ТҮРМЕДЕН ШЫҚҚАН СОҢ ТАҒЫ ЖАЗАМЫН»

Әзірбайжан соты Фатуллаевты 2007 жылы екі рет соттады: жала жабу, терроризм қауіпі және басқа да қылмыстар үшін журналист сегіз жарым жылға бас бостандығынан айрылды. Бақылаушылар болса, оны «Қарабах күнделі» мақалалары үшін соттады деп есептейді.

Биыл сәуір айында Страсбург соты Фатуллаевтың құқығы бұзылған деген шешім қабылдап, журналисті дереу босатуды талап етті. Бұған
Түрмеде есірткі сақтады деген айып тағылған журналист Эйнулла Фатуллаев алдын ала сот тыңдауы кезінде. Баку, 9 сәуір 2010 жыл.
қоса халықаралық сот журналиске өтемақы ретінде 25 мың евро төленуі керек деп шешті. Алайда Әзірбайжан билігі Еуропалық соттың бұл шешімімен келіспейді, белгіленген мерзімде апелляциялық шағым өткізуді көздеп отыр.

Халықаралық рақымшылық ұйымы Фатуллаевты «ар-ұждан тұтқыны» деп таныды.

Фатуллаев соттағы соңғы сөзінде журналистік кәсібімен түрмеден шыққанан кейін де айналысатындығын мәлімдеді.

Айта кетерлік жайт, сот шешімі АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Бакуге сапарынан екі күннен кейін шығарылып отыр.
XS
SM
MD
LG