Accessibility links

Білім және ғылым министрлігі жемқорлық жайлаған мемлекеттік органдардың алғашқы ондығын бастады


Дүйсенбі күні әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен жемқорлыққа қатысты жасаған талдау қорытындысын жариялады. Сауалнамаға 5 облыстан 2055 тұрғын, 55 сарапшы мен 2045 мемлекеттік қызметкер қатысқан екен.

Институт ең алдымен, мемлекеттік қызметтің сапасын анықтау мақсатында елдегі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен салық комитеті органдарында зерттеу жүргізіпті. Институттың қызметкері Ольга Симакованың айтуынша, елде мемлекеттік қызмет көрсетуді стандарттау жұмыстары 2006 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда қызмет көрсетудің 132 түрі стандарттау алдында тұр. Дегенмен қызмет көрсетудің халықпен көп жұмыс жасайтын бөлігі әзірге, оған іліге қойған жоқ дейді Ольга Симакова:

Ольга Симакова, Алматыдағы әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы қорының сарапшысы. 29 желтоқсан 2008 ж.
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бұл стандарттар жоғары деңгейде жүзеге асып жатыр. Әсіресе, адам факторына тәуелді орындарда жағдай жақсырақ. Қызмет көрсетудің жылдамдығына тұтынушылар арасында сын айтушылар көп болды. Салық комитетінде құжаттың берілген уақыттан бастап, орындалуы мен интернет арқылы қызмет көрсету сапасы жақсы болып шықты. Тұтынушылардың басым бөлігі салық комитетіндегі қызметкерлердің көпшілікпен араласуына көңілдері толмайды.

Бюджет мекемелеріндегі қызмет көрсету сапасына талдау жасаған институт мамандары мектептер мен колледждерде, азаматтардың хал-ахуалын жазу мекемелерінде (АХАЖ) келушілерге жақсы қарым-қатынас орнаған деген байлам жасайды. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта қызмет көрсетудің сапасына ортақ стандарттың жасалмауына маман даярлау ісіндегі үлгінің жоқтығы кері әсер етіп отырған көрінеді. Институт мамандары бұған қоса қызмет көрсету сапасына жемқорлық қатты әсер етеді деп есептейді. Осы орайда институт өздері жүргізген әлеуметтік сауалнама негізінде халықтың жемқорлық жайлаған мемлекеттік органдарға қатысты пікірін де жариялайды.

- Біз талдау жүргізу кезінде бұл мәселеге өте жан-жақты қарау керек екенін ұғындық. Себебі, көпшілік арасында бұл тақырыпты мифологизациялау үрдісі байқалады, мәселен, қоғамда «Оңтүстік Қазақстан облысы ең жемқорлық жайлаған аймақ» деген сияқты белгілі бір стереотиптер бар. Ал бұл жағдайды объективті түрде бағалауға кері әсерін тигізеді. Сондай ақ, қоғамдағы жемқорлық деңгейін
Гүлмира Елеуова, әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы қорының президенті. Алматы, 29 желтоқсан 2008 ж.
көрсетуде ақпарат құралдарында бірін-бірі қайталау әдісі кеңінен таралған. Жемқорлықтың туындауы, оның табиғаты туралы сараптама материалдар жетіспейді, - дейді «Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» (ЦСПИ) қоғамдық ұйымының президенті Гүлмира Елеуова.

Сонымен көпшіліктің көзқарасы бойынша, жемқорлық етек алған мемлекеттік органдардың алғашқы ондығы төмендегідей:

1) Білім және ғылым министрлігі

2) Ішкі істер министрлігі;

3) Транспорт және коммуникация министрлігі;

4) Есеп комитеті;

5) Жер ресурстарын реттеу Агенттігі;

6) Денсаулық сақтау министрлігі;

7) Бас прокуратура;

8) Қаржы министрлігі;

9) Жоғарғы Сот;

10) Қорғаныс министрлігі.

Transparency International халықаралық ұйымының 2008 жылы жасаған қорытынды сараптамасына сәйкес, Қазақстан жемқорлықтың деңгейі бойынша 145-ші орынға жайғасқан.

Соңғы дерек бойынша, республикада қазіргі таңда 103 847 мемлекеттік қызметкер бар көрінеді. Мемлекеттік қызметкердің орташа жасы 39-да.

Мемлекеттік қызмет көрсету ісі бойынша агенттіктің тәртіптік кеңесіне жыл басынан бері жемқорлық пен мемлекеттік қызметкердің Кодексін бұзуына қатысты 3613 шағым түсіпті. Сондай ақ, агенттіктің мәліметі бойынша, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметкерлер екі есе көп жауапқа тартылыпты.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG