Мамандардың пікірінше, Қазақстанда интернет арқылы ақша табу мүмкіндігі аса жоғары болмағанымен ғаламтордың пәрменді күшін табыс табу көзіне айналдырып алғандар да бар. Олардың айтуынша, ақша табудың басты әрі танымал жолы – жарнама. Бұған интернет-жарнаманың дамуы да қолайлы жағдай жасап отыр.
Деректер бойынша, интернет-жарнамадан түскен табыс көлемі 2007 жылы 1 миллион доллар болса, 2008 жылы – 3-3,5 млн, ал 2009 жылы 5 миллион долларға жеткен.
Азаттықтың жастар клубындағы дәстүрлі сұқбат айдарында радиомыздың қонағы - жас қобызшы Ақерке Тәжібаевамен әңгімені тыңдайсыз. Қобызды эстрадаға тұңғыш қосқан жас өнерпаз ұлттық аспаптың мүмкіндігі мұнан да жоғары екенін айтады.