Accessibility links

Мәскеу мен Бішкектің қарым-қатынастары салқын тартты


Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев (сол жақта) пен Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеудің Бішкекке 2 миллиард доллар несие мен ірі көлемдегі грант беретіндігі туралы келісімге қол қойған соң. Мәскеу, 3 ақпан 2009 жыл.
Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев (сол жақта) пен Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеудің Бішкекке 2 миллиард доллар несие мен ірі көлемдегі грант беретіндігі туралы келісімге қол қойған соң. Мәскеу, 3 ақпан 2009 жыл.

Соңғы 12 ай ішінде Қырғызстан мен Ресей қарым-қатынастарының нашарлағандығы байқалады. Бішкектің бірқатар іс-әрекеттері Мәскеудің ашу-ызасын туғызды. Қырғыз үкіметі өз жобаларына Қытайдан инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастыруда.


РЕСЕЙДІҢ 2 МИЛЛИАРДЫ

Ұзақ уақыт бойы одақтас елдер болған Ресей мен Қырғызстанның қарым-қатынастары өткен жылы бұрынғыдан да жақсарғандай болып көрінген еді. 2009 жылдың ақпан айында Мәскеу Бішкекке 2 миллиард доллар несие мен ірі көлемдегі грант беруге уәде етті.

Оның алдында Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев күтпеген жерден Бішкектің сыртындағы «Манас» әуебазасы жабылады деп мәлімдеді.

Бұл базаны АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери операциялары үшін пайдаланылғанына байланысты Ресейдің наразылығын ескере
Әскери операциялар жүріп жатқан Ауғанстаннан Қырғызстанның «Манас» әуежайындағы транзиттік орталыққа келіп қонған ұшақтан түсіп жатқан американ әскері. 26 ақпан 2009 жыл.
отырып, сарапшылар жоғарыда айтылған жаңалықтарды «қызметке қызмет» деп бағалады.

Бұдан кейін Құрманбек Бәкиев пен оның ресейлік әріптесі Дмитрий Медведев қосымша Ресей күштерінің Қырғызстанда орналастырылуына және бұл елде Мәскеудің тағы бір әскери база құруына мұрсат ететін меморандумға қол қойды.

Бұл өз кезегінде Вашингтондағы ресмилердің әскери науқаны үшін балама әуе көпірін табу әрекеттеріне түрткі болды.

Алайда бұл оқиғалардан бір жыл өткен соң Мәскеу қырғыз үкіметіне ашулы екендігін жасырып отырған жоқ. Ал АҚШ «Манасты» база ретінде емес «транзиттік бекет» ретінде пайдалануда.

БЮДЖЕТКЕ ДЕП АЛҒАН ҚАРЖЫНЫ ҚОРҒА САЛДЫ

Қырғызстандағы Ресей елшілігінің бірінші хатшысы Виталий Скринниктің айтуынша, Ресейдің қаржылық сыйлықтары Қырғызстанға келгенге дейін Бішкек пен Мәскеу арасында бәрі жақсы болған.

Алғашында, 2009 жылғы президент сайлауының қарсаңында, қырғыз үкіметінің «бюджет проблемаларын реттеуге» көмек ретінде 150
Қамбар-Ата су электр станциясының құрылысы.
миллион доллар грант берілді дейді Скринник. Бұдан кейін Қамбар-Ата су электр станциясы құрылысының басталуына 300 миллион доллар несие бөлінді.

Ресей бұл несиені Қырғызстанға 2026 жылдан бастап жылына 0,5 пайыздық өсіммен қайтару туралы шарт негізінде беретіндігін айтты.

Скринниктің айтуынша, Бішкек бұл жағдайды өзінің мүддесі үшін пайдаланған.

«Мұндай төмен пайыздық өсіммен ақшаны сізге ешкім бермейді. Бұл ақшаны қырғыз үкіметі қалай пайдаланғанын білесіз бе? Олар Бәкиевтің ұлы Максим жетекшілік ететін жаңа қор құрып, оған әлгі ақшаны салып, оны пайыздық өсіммен несие ретінде бере бастаған», - дейді Скринник.

Ол Бішкектің бұл әрекетін қатты сынады:

«Бұл миға қонбайтын нәрсе. Ол ақша қырғыз мұғалімдері мен дәрігерлеріне, полиция мен соттарға және тағы басқаларға төлеу үшін бөлінген болатын. Бірақ қырғыз билік орындары бұл ақшадан пайда көреміз деп шешті».

ПУТИННІҢ ҚАРСЫ САУАЛЫ

Ресей премьер-министрі Владимир Путин Кремльдің қырғыз үкіметіне ашулы екенін қараша айында Ялтада қырғызстандық әріптесі Данияр Үсеновпен кездесуінде байқатты.

Қырғызстандағы «Белый парус» басылымының хабарлауынша, Путин Үсеновке: «Қырғызстанда мемлекеттік деңгейде отбасылық бизнес
Қырғыз президенті Құрманбек Бакиев (сол жақта) пен Ресейдің сол кездегі президенті Владимир Путин Шанхай ынтмақтастығы ұйымына мүше елдер басшыларының саммитінде. Бішкек, 16 тамыз 2007 жыл.
жүріп жатқандығы жөнінде естідім. Неге Қырғызстанға бөлінген ресейлік ақша тікелей коммерциялық банктерге салынып жатыр?» деген сауал төтесінен қойған.

Путиннің бұл сауал-мәлімдемесі Үсеновтің Ресей уәде еткен 2 миллиард доллар ақшаның қалғаны Бішкекке қашан жеткізіледі деген сұрағына берілген жауап болды.

БІШКЕКТІҢ НАЗАРЫ БЕЙЖІҢГЕ АУДЫ

Қырғыз үкіметі дереу жаңа қаржылық бұлақты іздей бастады. Өткен айда Максим Бәкиев Даму, инновация және инвестиция бойынша агенттіктің басшысы ретінде Қытайға барған жоғары дәрежелі бизнес делегациясына жетекшілік етті.

Мәскеудегі «Регнум» ақпарат агенттігінің бас редакторы Модест Колеровтың айтуынша, қырғыз делегациясының Бейжіңге сапары Мәскеудің ашуын келтірген.

«Қырғызстандағы маңызды жобаларға байланысты Ресеймен арадағы келіссөздердің нәтижесін күтпестен, Максим Бәкиев Қытайға барып, әлгі жобалардың кейбірін ұсынды. Мұндай әрекетті «жауапкершіліксіз» деп айтудың өзі аз болады», - дейді Модест Колеров.

Қытайда инвестиция мүмкіндіктеріне қоса Қамбар-Ата су электр станциясының мәселесі талқыланды деп хабарланып отыр. Таяуда қытайлық мамандар Қамбар-Атаға барып, зерттеу жүргізген.

Колеров сондай-ақ Бішкектің «Манас» әуежайына байланысты әрекеттері Ресей мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастарға теріс әсер етті дейді.

Бұл мәселеге қатысты қазір Бішкекте мынадай әзіл-қалжың ел аузында жүр:

Путин қырғыз премьер-министрінен: «Неге АҚШ базасы жабылмады?» - деп сұрайды. Үсенов: «Жоқ, ол енді әскери база емес, бар болғаны тек транзит орталығы ғана», - деп жауап береді. Ал Путин: «Егер есіңізде болса, бір кездері Бішкек Фрунзе деп аталған, қазір ол Бішкек деп аталады. Қандай айырмашылығы бар?» - дейді.

Сарапшылардың айтуынша, Ресей мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастардың нашарлауына тағы бірнеше себеп болған.

Атап айтқанда, Мәскеу сатып алғысы келетін «Дастан» зауыты мен «Газпром» қызығып отырған мемлекеттік «Қырғызгаз» компаниясына қатысты келісімдер тоқтап қалған.

Сонымен қатар, Мәскеу соңғы айларда Бішкекте бірнеше этникалық орыс азаматтарына жасалған шабуылдарға байланысты алаңдаушылық танытты.
XS
SM
MD
LG