Accessibility links

Назарбаев туралы мультфильм қарақшыларға пайдалы болды


Шымкенттік «Жебе» студиясының «Сапа Олимпиадасы» анимациялық фильміндегі басты кейіпкер - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Шымкенттік «Жебе» студиясының «Сапа Олимпиадасы» анимациялық фильміндегі басты кейіпкер - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Шымкентте жергілікті «Жебе» студиясының «Сапа Олимпиадасы» атты анимациялық фильмі дискке жазылып бөлшек саудаға түсісімен видеоқарақшылардың арам бәсекесіне тап болды. Мультфильмнің басты кейіпкері – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«ПРЕЗИДЕНТ РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРГЕНШЕ ЖАНЫМЫЗДЫ ШҮБЕРЕККЕ ТҮЙІП ОТЫРДЫҚ»

Биылғы жылдың басында жасап шығарылған мультфильмнің әу баста көрермені шектеулі болғандықтан ол қалың көрерменге бірнеше айға кешігіп жетті. Оның өзіндік себебі, мультфильмнің басты кейіпкері – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл шығарманы қалай қабылдайтынына тапсырыс бергендер дүдәмал болған секілді.
«Сапа Олимпиадасы» мультфильмінен көрініс: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Кәрім Мәсімов. «Жебе» киностудиясының суреттері.


Бас-аяғы 12 минуттық мультфильмнің құны шамамен 12 миллион теңге [фильмді түсіргендегі бағаммен 100 мың АҚШ доллары]. Анимациялық фильмді жарыққа шығару идеясын сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, бүгінде қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов өзі ұсыныпты.

Анимациялық туындыға тапсырыс берген, әрі қомақты құнын өз мойынына алған шенеунік бұл сыйды алдымен президентке көрсетіп алмайынша, көпшілікке көрсетпеуді ұйғарыпты. Тек фильм Назарбаевқа ұнағаннан кейін, тапсырыс иесі оны көшіріп коммерциялық саудаға шығаруға келісім берген.

– «Мультфильм президентке ұнады» дегенді естігенше, жанымызды шүберекке түйіп келдік. Кейін ризашылығын білдірген Әшімов мырза бізді өз есебінен Голливудқа жіберді. Осылайша, түсімізге кірмеген әлемді өз көзімізбен көріп қайттық, – дейді «Жебе» киностудиясының директоры Нұриддин Паттеев.

ПРЕЗИДЕНТ ТУРАЛЫ МУЛЬТФИЛЬМГЕ ҚАРАҚШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТТЫ

Сонымен, коммерциялық мақсатпен бөлшек саудаға шығарылған анимациялық фильм енді оны заңсыз көшіріп сата бастаған қарақшылар тарапынан арам бәсекеге кез болды.

– «Сапа Олимпиадасы» мультфильмінің компакт дисктегі алғашқы таралымын әзірлеп шығардық. Бір жағында осы фильм, екінші бетінде «Алтын балық» фильмі жазылған дисктің көтерме бағасы – 550 теңге. Бірақ, қазір бізге қарақшылар қатты кедергі келтіріп жатыр. Қарақшылық жолмен дискіні таратып жатқан олармен біз күресе алар емеспіз. Ал заңды өнімді қарақшылық жолмен дайындап саудаға шығарғандарды әшкерелеуге шағын бизнес нысандарын тексеруге жарияланған мораториий бөгет болып тұр дегенді алға тартады облыстық әділет департаментінің қызметкерлері, – дейді анимациялық фильмді дискте шығарған «АйСиДи рекордс» студиясының директоры Темірхан Асауов.

ФИЛЬМ КЕЙІПКЕРЛЕРІ – ПРЕЗИДЕНТ, ПРЕМЬЕР, ӘКІМ, АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН ЖАН-ЖАНУАРЛАР

Мультфильмнің оқиғасы мынадай. Қытайдағы жазғы Олимпиадаға қатысуға шақырту алған Қазақстаннан баруға кім лайық дегенді үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен ақылдасқан президент Нұрсұлтан Назарбаев байрақты бәсекеге Оңтүстік Қазақстан облысының азық-түліктері мен құс-жануарларын аттанадыруды ұйғарады.

«Сапа Олимпиадасы» анимациялық фильміндегі жұмыртқалардың жұдырықтасуы.
– Біз бұл мультфильмді қызықты ету үшін, сценариін осылай жасауды ұйғардық. Онда қара жұмыртқа мен біздің жұмыртқа бокстасады. Ал көк алманың құрттағанына қарамастан, шетелдік өніммен салыстырғанда зиянды нейтраты жоқ болғандықтан, тексеруден кідіріссіз өтеді. Ел намысын арқалап барған шымкенттік тауар өнімдері ойдағыдай өнер көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көріне біледі, – дейді «Сапа Олимпиадасы» мультфильмінің сценарисі Батырбек Дәуренбеков.

Мультфильмде жанкүйер көрерменге Бейжіңдегі сайыстың тікелей көрсетілімін ғарыштан әлі
«Көңілділер мен тапқырлар клубының» ойыншысы президент Назарбаевтың дауысын айнытпай салған, ал сол кездегі облыс әкімі Нұрғали Әшімов фильмде өз кейіпкерін өзі дыбыстаған.
жоғалып кетпей тұрған кездегі «Қазсат» жер серігінің көмегімен тамашалайды.

«Жебе» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеевтің айтуынша, ең қиыны Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсас дауыс табу болыпты. Оған бірталай уақыт кеткен көрінеді. Көп үміткердің арасынан таңдау алматылық «Көңілділер мен тапқырлар клубының» (КВН) ойыншысына түсіпті. Ол президент Назарбаевтың дауысын айнытпай салған, ал сол кездегі облыс әкімі Нұрғали Әшімов фильмде өз кейіпкерін өзі дыбыстаған.

Қазақстанда жоғары лауазымды қызметте отырған басшыларды кейіпкер етіп алған алғашқы анимациялық фильмге көрерменнің сұранысы жақсы екенін байқаған жобаны әзірлегендер алдағы уақытта бұндай мультфильмдерді тағы да түсіруге болатынын айтады.
XS
SM
MD
LG