Accessibility links

Ресейде православ шіркеуінің саяси рөлі артып келеді


Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Мәскеу және күллі Русь патриархы Кирилл (оң жақта). Мәскеу, 7 қаңтар 2009 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Мәскеу және күллі Русь патриархы Кирилл (оң жақта). Мәскеу, 7 қаңтар 2009 жыл.

Кремль орыс православ шіркеуін постсоветтік ұлттық ұқсастық жасаудағы тиімді құралдарының бірі ретінде қарастырып отыр. Кейбіреулер бұның өзі Ресейдегі азшылық діндегілерді кемсітушілікке алып келуі мүмкін деп есептейді.


ҮКІМЕТПЕН БАЙЛАНЫС

Бүгінгі таңда Орыс православ шіркеуінің ықпалы мен оның үкіметпен байланысы қатты күшейді. Осыдан жиырма жыл бұрын шіркеу ресми түрде қуғынға ұшырайтын. Ал бүгінде ресейдің саяси элитасы Ресей президенті Дмитрий Медведев пен премьер-министр Владимир Путиннен бастап православ шіркеуіне бүйрегі бұратындығын байқатып отыр.

Олар Рождество мен Пасханы мерекелеуге қатысады. Ал Мемлекеттік дума 28 шілдені Русьтің шоқынған күні ретінде күнтізбедегі атаулы күндердің қатарына енгізді. Бұған қоса Х ғасырдағы христиандықты қабылдау оқиғасы «мемлекеттің нығаюы мен гүлденуіне дем беріп, күрделі тарихи кезеңдерде Ресей бірлігінің сақталуына үлкен ықпал етті» деп мәлімденді. Х ғасырда болған оқиғалар христиан дінінің және ресейлік саяси империяның дүниеге келуінің бастауы деп есептеледі.

Кремль өзінің беделін арттыру үшін ресейліктердің патриоттық және ұлттық сезімдерін қалыптастырумен айналыса бастағанда шіркеу мен мемлекет арасындағы байланыс нығая түсті. Ресейлік шенеуніктер, тіпті ресей армиясында әскери священниктер ретінде православтық дін қызметкерлерін тағайындауға дейін барып, осылайша шіркеудің жаңа рөлінің қалыптасуына ықпал етті.

ПАТРИАРХ КИРИЛЛДІҢ РӨЛІ

Қазіргі уақытта Ресей конституциясында шіркеу мемлекеттен айқын түрде бөлінген. Бірақ, шынтуайтында бұл екі тарап жақсы серіктестер болып шықты дейді Ресейдегі дін істері жөніндегі сарапшы Андрей Золотов.

«Егер онда ұлттық дәстүр мен тарихи дамудан алшақ жатқан жайлар жазылса, онда Конституция жұмыс істемейді. Менің ойымша, алдағы 50-100 жылдардың бедерінде Ресейдегі шіркеу мен мемлекеттің қарым-қатынасын анықтау үшін жаңа заңнаманы қабылдаудың қажеттілігі туады», – дейді сарапшы.

Саяси қамқорлықтың арқасында, сонымен бірге былтыр Мәскеу мен күллі Русь патриархы болып Кирилл тағайындалған соң православ шіркеуі өркендей бастады. Шіркеу мен мемлекет арасындағы «қырғи-қабақ соғыс» дәстүрінде тәрбиеленіп, Совет Одағы тарқардың алдында ғана тағайындалған бұның алдындағы патриарх Алексийге қарағанда Кирилл барынша ылдым-жылдым, либералды деп есептеледі.

Қазір мемлекет шіркеуден талай нәрсені алғысы келетін сияқты әсер қалыптасқан. Биліктің бұл бағынышты қылығы енді құқыққорғаушыларды мазалай бастады. «Адам құқығы үшін» мемлекеттік емес ұйымының өкілі Лев Левинсон билік патриарх Кириллдің дегеніне көнгіш болып алды деп есептейді.

Патриарх Кирилл Ресейдегі ең көрнекті тұлғалардың біріне айналды. Ол Ванкувердегі Олимпиадаға жүрер алдында Құтқарушы Христің
Патриарх Кирилл Киев шіркеуіндегі мінәжат кезінде кептер ұшырып тұр. 27 шілде 2010 жыл.
храмында Ресей құрамасына бата берді, Владимир Путиннің 1956 жылы шыққан «Волгасында» жүргізушімен қатар отырды.

Бұған қоса ол бұрынғы советтік республикалардың шіркеу басшыларымен байланысты қалпына келтіруде. Мысалы, Украинада тоғыз күндік сапарда болды, Орыс православ шіркеуінің Ватиканмен байланысының дамуын қадағалап отырады.

Осымен бір мезгілде патриарх Кирилл шіркеудегі оқиғалардың телевизия арқылы кеңірек берілуі мен мектеп бағдарламасына православие негіздері бойынша міндетті сабақтарды енгізуге тырысуда. Бұл бастама негізгі төрт дін – православие, ислам, иудаизм және буддизм бар елде қарсылықтар туғызды.

МЕМЛЕКЕТ ШІРКЕУДІ ПАЙДАЛАНЫП ОТЫР

Шіркеу де үкіметке ықпал етіп, советтік кезеңде жоғалтып алған мүлкінің басым бөлігін қайтарып алуға мүмкіндік беретін заңның қабылдануына қол жеткізді. Бұл қадам оны елдегі жылжымайтын мүліктердің аса ірі қожаларының біріне айналдырды.

Көптеген адамдар мемлекет шіркеуді патриотизмге негізделген жаңа постсоветтік ұлттық ұқсастық құру үшін пайдаланып отырғанына алаңдайды. Сыншылардың пікірінше мұнда дәл сол толеранттылық жағы жетіспейді.

Ресейдегі ксенофобия және діни жеккөрушілікпен күресетін «Ождан бостандығы институты» тәуелсіз мәскеулік тобы шіркеу мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасты «симбиоз», яғни селбесіп тірлік ету деп сипаттады. Және мұндай қарым-қатынас діни азшылықтарды кемсітушілікке алып келеді деп мәлімдеді.

Татар тарихшысы Нурулла Гариф шіркеудің мемлекет ісіне кеңінен араласуын, оның ішінде шілденің 28-інде Русьтің шоқыну күнін тойлауды саяси жағынан дұрыс қадам емес деп есептейді.

«Орыс православ шіркеуі мемлекеттік институтқа, мемлекет қолындағы адамдарды басқаратын қаруға айналды. Діннің өзі жаман емес.
Орыс православ шіркеуі мемлекеттік институтқа, мемлекет қолындағы адамдарды басқаратын қаруға айналды.
Бірақ оны өз халқыңа және өзге халықтарға қарсы қару ретінде қолдануға болмайды», – дейді тарихшы Нурулла Гариф.

ҚОҒАМДЫ КЛЕРИКАЛИЗАЦИЯЛАУ

Ресейліктердің 60-80 пайызы өздерін православтар деп есептегенімен, дінге қатты берілгендері сирек кездеседі. Кейбір деректерге қарағанда, тұрғын халықтың сегіз пайыздан азы ғана православ шіркеуіндегі құлшылық қылу қызметіне қатысады екен.

Павел Великанов Сергиев Посад семинариясында жиырма жыл бойы сабақ берген. Ол шіркеу шамадан тыс күшті болып барады деп сын
Сергиев Посад діни семинариясының студенттері. 2 ақпан 2010 жыл.
айтушылардың пікірін жоққа шығарады. Оның пікірінше, ресей қоғамын бәрінен де жақсы сипаттайтын православиені елемеу нағыз надандық.

«Мен қоғамды клерикализациялау (шіркеудің саяси және мәдени үстемдігін күшейту) туралы айқайды, айналадағының барлығын шіркеу билеп алды деген сөзді естігенімде күлемін де қоямын. Сіз кез-келген үйге кіргенде қабырғадағы иконды көрген болсаңыз, оның дұрыс тұрмағанын байқайсыз. Ол оң жақтағы бұрышта емес, әлдебір кітап сөресінде тұруы мүмкін», – дейді Павел Великанов.

Великановтың айтуынша, оның оқушыларының міндеті болашақ ресейліктерге иконды қалай қоюды үйрету ғана емес, православиенің не екенін шіркеудің қалауы бойынша түсіндіру.

Бүгінде мыңдаған студенттер ресейдегі отыз қаралы семинарияда оқуда. Жақында бірінші рет Ресейден тысқары жерде, Францияда православтық діни семинария ашылды.

БІРІНЕ БІРІ ҚАРСЫ ШЫҚПАЙДЫ

Студенттер Сергиев Посадта бес жыл оқып священник немесе аспирантурада тағы үш жыл оқып, дінтанушы болып шығады. Мектептегі көңіл күй тынымсыз және барлығы алқалы түрде шешіледі. Студенттер бірге тұрып, оқып, тамақтанады.

Семинария студенттері мемлекет пен шіркеудің қарым-қатынасы жайында тікелей нұсқаулық алмайды. Бірақ семинариядан тыс жерлерде болып жатқан пікірталастардың жаңғырығын осы жерден, студенттерден де естуге болады. Олар дін, саясат және шіркеудің Ресейдегі рөлі жайында қызу пікір таластырады.

Төртінші курста оқитын Максим Бурдин шіркеу мен мемлекеттің мүддесі ортақ деген идеяны қабылдамайды. Бірақ олардың әрқашан үйлесімде болуы керектігіне сенімді.

«Шіркеу мен мемлекетті екі кітап сияқты бір-бірінен бөліп әкете алмайсыз. Олар қатар өмір сүріп, бірінің жұмысына екіншісі араласпауы керек. Бірақ біріне бірі көмектесулері қажет. Мемлекеттің ұлы держава құру туралы мақсаты бар. Егер мемлекет шіркеу іліміне қарсы шықпаса, онда шіркеу де бұған қарсы шыға алмайды», – дейді Максим Бурдин «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының тілшісіне.
Шіркеу мен мемлекетті екі кітап сияқты бір-бірінен бөліп әкете алмайсыз. Олар қатар өмір сүріп, бірінің жұмысына екіншісі араласпауы керек. Бірақ біріне бірі көмектесулері қажет.


Кейбір сыншылар мемлекет православие дінін ұлттық сана-сезімімен теңестіруге, сол арқылы ұлттық бірлікті нығайтуға ұмтылады деп отыр.

ПРАВОСЛАВИЕ ЖӘНЕ ИСЛАМ

Бірақ, Татарстан сияқты негізінен мұсылмандар тұратын республикаларда православтық оқу бағдарламалары мектептерге енгізілу алдында тұрған кезде, ксенофобия негізінде түр сипаты славян еместерге шабуыл артып жатқан тұста, тіпті болашақ священниктердің өзі адал берілгендік пен фанатизмнің арасының өте жақын екендігін мойындайды.

Өткен жылы православ священнигі Даниил Сысоевтің өлтірілуі оның мұсылмандарға деген агрессивті қарым-қатынасымен байланысты болды деп есептейді семинария студенті Максим Бурдин. Священниктің қазасы Орыс православ шіркеуі мен ислам арасындағы шиеленісті қарым-қатынастың өсіп келе жатқандығы жөніндегі қызу пікірталасқа өзек болды.

Мұсылмандарды павославие дініне өткізу жөніндегі Сысоевтің белсенді тәсілін қолдамағанымен, Максим Бурдин өлтірілген священникті азап шеккен әулие деп есептейді.

«Бұл оның жердегі қызметінің ақыры болды. Кейбіреулер менімен келіспеулері мүмкін, бірақ Даниил әкей исламды кінәлай отырып әлдебір ұшқары көзқараста болған сияқты. Исламмен күресу үшін қолданған оның тәсілдерін дұрыс деп айта алмас едім», – дейді Максим Бурдин.

Солай бола тұра Сергиев Посадтағы семинария студенттері елде өзге діндерге қарағанда православие артықшылықта болуы керек деген пікірді жақтайды және теледидар арқылы діни бағдарламалардың көбірек көрсетілуі елдің шіркеулері мен священниктер жоқ қиян түкпірлеріндегі діншілдерге көмектеседі дейді.

Семинария студенттерінің пікірлерінше, олар үнемі православиеде болғандықтан орыстарға өзге діни бағдарламаларды көрудің қиын екендігін және ұлттық дәстүрлерді түсіну маңызды.

«Егер өзге де діни бағдарламаларға тиым салынып, осыдан соң православтар артықшылыққа ие болып отыр деп айтсаңыз, сіздікі дұрыс болар еді. Бірақ қазір ислам арналары да бар ғой. Бар», – дейді «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының тілшісіне семинария студенті Максим Бурдин.
XS
SM
MD
LG