Accessibility links

Болманов балаларға қазақша сөйлейтін қуыршақ сыйлайды


Жарты ғасыр бұрын АҚШ-та жасап шығарылған Барби қуыршағы.
Жарты ғасыр бұрын АҚШ-та жасап шығарылған Барби қуыршағы.

Қазақстанға балалар ойыншықтары негізінен Қытайдан әкелінеді, ал оның сапасына ата-аналардың күмәні көп. Әнші-продюсер Қыдырәлі Болманов қазақша сөйлеп, ән айтып, би билейтін ойыншықтар әзірлеп жатқанын айтты. Ән салатын қуыршақ қыз Қарақат деп аталады.




«Қыпша бел Барбиді қазақтың Қарақат қызына ауыстыратын уақыт жетті» деп есептейтін Қыдырәлінің өзі де балаларға арналған қазақы ойыншықтарын әзірше Гонконгта жасап шығаруға мәжбүр болып отыр екен. Болашақта ол ойыншықтар әлемін толығымен Қазақстанға қарай ауыстырамыз дейді.

Болманов шығарып жатқан Тазша бала, Алдар Көсе, Ер Төстік сияқты аңыз-ертегілерінің кейіпкерлерімен қатар "Айгөлек" әнін айтатын Сұркөжек пен әнұранды шырқайтын Барыс та бар.

Балалар психологы Гүлжан Амангелдинованың айтуынша, жеткіншектер мінез-құлқының қалыптасуына ойыншықтардың көп әсері бар. Сондықтан ата-аналар балаларына ойыншық таңдағанда үлкен талғаммен қараған жөн деп ескертеді маман.

Дәрігер, ғалым Совет Хан Ғаббасов Қазақстан балаларын жаппай сапасыз ойыншықтармен қамтамасыз етіп отырған қытай тауарларына шектеу қою керектігін айтып отыр.

Жас ұрпақтың патриоттық сезімі терең қалыптасып, өз ұлтының тарихы мен салт-санасын жадына сіңіріп өсуі үшін тұңғыш рет қазақ тілінде ән салып, би билейтін қуыршақтармен толық қамтамасыз еткім келеді дейді Қыдырәлі Болманов.
XS
SM
MD
LG