Accessibility links

Америка сайлаушыларының сайлауға дейінгі пікірі дауыс беруге келгенде өзгеріп кетуі мүмкін бе?


АҚШ президенттігіне үміткер, демократ-Барак Обама
АҚШ президенттігіне үміткер, демократ-Барак Обама

АҚШ-тағы Pew атты қоғамдық пікірді зерттеу орталығының жүргізген сауалнамасына қарағанда, президенттік сайлаудағы демократтар үміткері Барак Обама бәсекелесінен алда келеді.

Сайлаушылардың пікірін зерттеу мәліметтері, яғни қоғамдық сауалнаманың соңғы қорытындысы бойынша демократтар атынан АҚШ президенттігіне үміткер Барак Обама алда келеді.

Алайда дәл сайлау болатын күнгі сайлаушылардың шешіміне осы қорытынды арқылы болжам жасауға бола ма? Әсіресе, биылғы жылы...

Pew атты қоғамдық пікірді зерттеу орталығының, тіркелген сайлаушылар арасында жүргізген, сауалнамасы бойынша демократ Барак Обама 16 ұпай жинап, республикашыл үміткер Джон МакКейннің алдына шықты.

Басқа зерттеу орталықтары Обамаға 5 пен 9 пайыз аралығындағы ұпайларды тиесілі етіп отыр.

Алайда бұл пікірлер қараша айының 4-де болатын АҚШ президенттік сайлауында шын мәнінде жүзеге аса ма, жоқ па? Ол жөнінде болжам айту қиын.

Сондықтан болар республикашылар атынан үміткер МакКейннің өзі де мұндай болжаммен келіспеуде.

Себебі Құрама Штаттарда өткізілген бұдан бұрынғы талай сайлаулар қорытындылары алдын-ала жинақталған қоғамдық пікірлерге сай келмей қалған болатын.

Дей тұрғанмен, сейсенбіде болатын Құрама Штаттардағы президенттік сайлау барысына бірнеше факторлар әсер ететін сыңайлы.

Солардың бірі Барак Обаманың афро-америкалық тектен болғандығы. Себебі бұған дейін Америка тарихында қара нәсілді президент болған емес дейді сарапшылар.

Сауалнама жүргізушілерден ұялғандарынан “Обамаға дауыс береміз” деп алып, ақ нәсілді сайлаушылар сайлау бекеттеріне келгенде мүлдем басқа шешім жасауы мүмкін, дейді Азаттық радиосының тілшісі Хезер Махер.

Gallup ұйымының жүргізген ұлттық сауалнамасы нәтижесіне қарағанда, сауалнамаға қатысқан ақ нәсілді сайлаушылардың 88 пайызы президенттікке таңдау кезінде үміткердің қай нәсілден екендігі маңызды рөл атқармайды деп жауап берген екен.

Ал, осы сауаланмаға қатысқан афро-америкалық сайлаушылардың 75 пайызы да осы тақылеттес пікірлерін білдірген.

Осы айтылғандарға қоса сайлау барысына әсер етуі мүмкін тағы бір сауал бар. Ол-Обаманың Мұсылман әлеміне қаншалықты қатыстылығы.

Обаманың өзі-христиан. Алайда оның әкесінің аты-Хусейн. Хусейн араб тілінде-Шынайы дегенді білдіреді. Әрине бұл есімнің Ирақтың бұрынғы президентінің фамилиясымен бірдей, яғни Саддам Хусейн екендігі белгілі.

Кениялық әкесі оған “Обама” деген есімді қойған екен. Өкінішке қарай “Обама” есімі “Осамамен”, яғни Осама бин Ладенмен үндес келіп отыр. Ал Осама бин Ладен- Американың іздестіріп жүрген лаңкес адамы.

Қыркүйектің 11-дегі оқиғадан бері Америка мұсылмандары Ислам дінінің лаңкестікті қолдамайтынын, заңсыз істерге еш қатысы жоқ екендігін дәлелдеуге тырысып келеді.

Республикашыл ұлттық комитет таяуда сайлаушыларға үндеу жариялап, “Шынайы Обама кім?” деп сауал тастап, бұл демократ-үміткердің лас әлеммен байланыстары болуы мүмкін деген ойға айғақ іздестірумен болды.

-Тіпті Республикашылар партиясының кейбір мүшелері “Обама мұсылман екен” деген өсекті жаюға тырысып бағуда-, дейді Колин Пауел.

Ол- Буш әкімшілігіндегі бұрынғы мемлекеттік хатшы, ұзақ жылдардан бергі республикашыл азамат.

Таяуда Пауел мырза демократ Барак Обаманың кандидатурасын қолдап шыққан болатын.

NBC телеарнасына қазанның 19-да берген сұхбатында Колин Пауел әлгі партия өкілдерінің “Обама-мұсылман” деген өсекті өршіте түскендеріне алаңдаушылық білдірген еді.

-Дұрыс жауап: Обаманың христиан екендігі. Алайда одан да нақты әрі шынайы жауап: Обама мұсылман болса, онда тұрған не бар? Бұл елде мұсылман болу деген жаман іс пе? Мұндай сауалға: -Жоқ!-деген жауап бергім келеді” деді Пауел мырза.

Осылай дей келіп аса құрметті генерал Колин Пауел Ирақ соғысында америкалық жас мұсылмандардың да жанын пида етіп жатқандарын айтты.

Сондай-ақ сайлау барысына америкалық сайлаушы-жастардың белсенділігі де айрықша әсер етпекші.

Және осы сайлауда алғаш рет қолданылатын дауыс есептеу машиналарының қалай жұмыс істейтіндігі де маңызды рөл атқармақшы.
XS
SM
MD
LG