Ресей мен Абхазия 10 жылға арналған одақтастық және стратегиялық әріптестік туралы жаңа келісімшартқа қол қойды. Мәскеудің өзін-өзі тәуелсіз деп жариялаған, қазір ресейлік әскер күзетіп тұрған аймақпен жасаған келісімін АҚШ, Еуропа Одағы мен НАТО ресми өкілдері айыптайды. Олар бұл келісімшартты "Ресейдің Абхазияны аннексиялауға жасаған қадамы" деп біледі. Фотограф Амос Чапл өзге әлемнен оқшау қалған Абхазияға барып қайтқан еді.