Кабулдегі Шаолинь клубы - бүкіл Ауғанстан бойынша қытай жекпе-жек өнерін қыз балаларға үйрететін жалғыз орын. Бұл елде әйелдердің спортпен айналысуы - сирек, ал жекпе-жек өнерімен шұғылданатындыр тіпті аз.
Ауған қыздарына ушу үйрететін бойжеткен
1
Клубты 2015 жылы 20 жастағы Сима Азими (ортада) ашқан.
2
Шәкірттердің жасы 14-20 аралығында.
3
Азими бұл өнерді жақындарымен бірге Иранға босып барғанда үйренген.
4
Қытайда бұрын бұл өнерді әйелдер де меңгерген. Олардың арасында көптеген тақуа әйелдер болған. Кейбір императорлар оққағарды әйелдерден ұстаған.
5
Азими осы өнердің арқасында елдегі әйел мен ердің құқығына теңесуіне, әйелдерге зорлық көрсетуді тыюға әсер еткісі келеді.
6
Азими қыз балаларға қорғаныс өнерін де үйретеді.
7
Ауғанстанда "әулеттің абыройы үшін" адам өлтіретін әдет әлі бар.
8
Бұған көбінесе әйелдер құрбан болады. Елде 2015 жылы 241 әйел жақындарының қолынан көз жұмған.
9
Әсіресе туыстары айтқан адамға тұрмысқа шығуға көнбеген қыздар осындай жазаға душар болады.
10
Азими бастапқы кезде кейбір қыздардың сабаққа келуге қорыққанын айтады. Қазір оның 20 шәкірті бар.
11
Азимидің ата-анасы балаларының ісін құптайды. Оның әкесі, мектепте өзі де сабақ беретін Рахматулла "қызымды мақтан тұтамын, оны қолдай беремін" дейді.