Ауғанстандағы кучи деген көшпенділер тайпасы жылына екі рет қоныс жаңалайды. Ел билігі бұл тайпаны отырықшы өмірге бейімдеуге тырысып жатыр. Ваива Катинайтытэнің фотогалереясы 21-ғасырда көшпенді тұрмыс кешетін осы тайпа туралы.
Кучи - 21-ғасыр көшпендісі

1
Үш миллиондай адамы бар кучи тайпасы атам заманнан бері көшпенді тірлік кешеді.

2
Құқық қорғау ұйымдары бұл тайпаны елдегі ең маргинал топ деп біледі.

3
Ауғанстан конституциясындағы жаңа өзгерістер бойынша ел билігі кучиге тұрақты қоныс беріп, оларды қоғамға бейімдеу бағдарламасын жасауы керек.

4
Тауда қыстап, етекте жайлайтын кучи тайпасы елдің ауыл шаруашылығы саласында маңызды орын алады.

5
Елдегі малдың - түйе мен қой-ешкінің 30 пайызы осы тайпаның меншігінде.

6
Қуаңшылық пен соғыс кесірінен бұл тайпаның біразы қалаға қоныс аударған. Бірақ кучилердің үштен бірі әлі көшіп жүр.

7
Кучилерді түрлі-түсті киімдері мен шатырларынан тануға болады.

8
Кучилерді отырықшы өмірге бейімдеу жоспары басқа кейбір тайпаларды наразы етті. Олар "кучи біздің жерімізге қонып алды" дейді.

9
Отырықшы өмірге көшкен кучидің көбі бұрынғы өмірлерін аңсайтындарын айтады.

10
Ауғанстан парламентіндегі 249 орынның 10-ы кучилерге бөлінген. Үкіметте де бұл тайпаны отырықшылыққа бейімдеу жөніндегі арнайы департамент бар.