Accessibility links

Хамид Карзайдың биліктегі екі мерзімі

Ауғанстанды 13 жылға жуық басқарған Хамид Карзайдың екінші президенттік өкілеті аяқталды. 2001 жылы АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері Талибанға қарсы операция бастап, оны биліктен тайдырған соң, Ауғанстанда әуелі уақытша билікті басқарып, кейін қатарынан екі мерзім ел президенті болған Карзай, конституция бойынша, үшінші мерзімге сайлана алмайды. 2014 жылы екі кезеңнен тұрған президент сайлауының дау-дамайы бірнеше айға созылып, негізгі екі кандидат арасындағы билік бөлінісі туралы мәміледен соң Ашраф Ғани ресми түрде Ауғанстанның жаңа президенті болып жарияланды. Хамид Карзай билікті тапсырған соң президент сарайы маңында өзіне арнап салынған зәулім үйге қоныстанудан бас тартып, Кабулдағы қарапайым үйде тұратынын мәлімдеген.

AzattyqTV

AzatNEWS 24.02.2020
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG