Accessibility links

Ақсу-Жабағылы - ЮНЕСКО тізімінде

Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтары тізіміне енді.

Бұл жайында 8-12 маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында хабарланды.

ЮНЕСКО мәліметінше, бұл жолы дүниежүзілік биосфералық қорықтар тізіміне жаңадан 20 нысан қосылған.

Ақсу-Жабағылы қорығы батыс Тянь-Шань тауында, Қаратау қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан, аумағы 357 мың гектардан асады. Қорық территориясында аймақтағы барлық құстардың 48 пайызы мен омыртқалы жануарлардың 72 пайызы мекендейді. ЮНЕСКО "Қорық әлемдегі құстарды бақылауға ең қолайлы жерлердің бірі саналады және экотуризмді дамытуға әлеуеті жеткілікті" дейді.

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтары тізіміне өткен жылы Қазақстанның Ақжайық және Қатонқарағай қорықтары да енгізілген.
Түгел оқыңыз

1926 жылы 14 шілдеде құрылған Ақсу-Жабағылы - Қазақстандағы алғашқы қорық.
1

1926 жылы 14 шілдеде құрылған Ақсу-Жабағылы - Қазақстандағы алғашқы қорық.

Ақсу-Жабағылы қорығында жайылып жүрген жылқы. Бұл қорық Орталық Азиядағы ең көне де ауқымды аумақты алып жатыр. Бірнеше күнге созылатын саяхатқа көбінесе атпен шығады.
2

Ақсу-Жабағылы қорығында жайылып жүрген жылқы. Бұл қорық Орталық Азиядағы ең көне де ауқымды аумақты алып жатыр. Бірнеше күнге созылатын саяхатқа көбінесе атпен шығады.

Талас Алатауының батыс қыратындағы Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би, Бәйдібек, Жамбыл облысының Жуалы аудандары аумағында.
3

Талас Алатауының батыс қыратындағы Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би, Бәйдібек, Жамбыл облысының Жуалы аудандары аумағында.

Грэйг қызғалдағы - Ақсу-Жабағылы қорығының эмблемасы. Бұл қорықта өсімдіктің 173 түрі өседі.
4

Грэйг қызғалдағы - Ақсу-Жабағылы қорығының эмблемасы. Бұл қорықта өсімдіктің 173 түрі өседі.

Тағы

XS
SM
MD
LG