Ақтауда Орталық Азия елдерінің 5-халықаралық театр фестиваліне қазақстандық өнер ордаларымен бірге Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан, сондай-ақ Ресейдің Астрахань қаласы мен Башқұртстаннан театр ұжымдары қатысып жатыр. Театр фестивалі өзара шығармашылық әріптестікті ынталандыру, театрлық үрдістің заманауи түріне көрермен назарын аударуды мақсат етеді. Фоторепортаж авторы - Сәния Тойкен.
Ақтаудағы халықаралық театр фестивалі

1
Орталық Азия мемлекеттерінің 5-халықаралық театр фестивалі биыл 25 қазанда Қазақстанның Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында ашылды.

2
Орталық Азия елдерінің 5-халықаралық театр фестивалінің ашылу салтанаты. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

3
Фестивальге Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен бірге Ресейдің Астрахань қаласы мен Башқұртстаннан театр ұжымдары қатысты. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

4
Маңғыстау облыстық драма театры әртістері фестиваль ашылуында жапондық кабуки театры қойылымын сахнаға шығарды. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

5
Маңғыстау облыстық драма театры әртістерінің орындауындағы жапондық кабуки театры қойылымы. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

6
Сахнада Тәжікстаннан келген театр өнерпаздары. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

7
Маңғыстау облыстық драма театрының әртістері "Томирис" спектаклін қойды. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

8
"Томирис" спектаклінде басты рольді Маңғыстау облыстық драма театрының әртісі Құралай сомдады. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

9
Сахнада Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры әртістері. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

10
Орталық Азия мемлекеттерінің 5-халықаралық театр фестиваліне қатысушылар. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.