Accessibility links

Трамвай депосындағы көрме

Алматыда 2015 жылғы қазанда трамвай қозғалысы тоқтағалы бері жұмысын доғарған трамвай депосында көрме ашылды. Деподағы өндіріс орындарының бірінде 2–19 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан жетінші Artbatfest (2–19 қыркүйек) қазіргі заманғы өнер фестивалі аясында жас суретшілер туындыларынан көрме ұйымдастырылған. Осы жерде арасында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей өкілдері бар авторлардың әртүрлі жолмен – көркемсурет, видео-арт, аудио-арт, инсталляция, перфоманс арқылы дүниеге әкелген шығармаларымен танысуға болады.

XS
SM
MD
LG