Accessibility links

Денедегі суреттер: Алматыдағы боди-арт фестивалі

Бұл - Алматыдаңы боди-арттың төртінші фестивалі. Бұл жолы шара халықаралық дәрежеде өтті. Өйткені оған қазақстандық қана емес, Қырғызстан және Украина суретшілері де қатысты. Ұйымдастырушылар шара мақсаты Қазақстандағы боди-артты дамыту екенін айтады.
Түгел оқыңыз

Боди-арт-композицияларымен шыққан модельдер. Фестиваль Алматының түнгі клубтарының бірінде өтті. Оны ұйымдастырған Анастасия Доронина шараға кәсіпқой суретшілер ғана емес, әуесқойлар да қатысқанын айтты. Фестивальге жұрт тегін кірді. Анастасия Доронинаның айтуынша, Қазақстанда боди-арт Батыс елдеріндегідей дамымай жатыр.  
1

Суретшілер модельдерді шара басталардан жеті-сегіс сағат бұрын бояй бастады. Азаттық тілшісі кейбір авторларды жұмыс істеп жатқан жерінен фотоға түсіріп үлгерді. 
2

Фестивальге қатысқан 20 шақты модельдің көбі - қыздар (суретшілердің де көбі - қыздар). Бірақ суретшілдер мен модельдер арасында жігіттер де болды. Суретте: Владислав Варганкин (сол жақта) мен оның моделі. Владислав Азаттық тілшісіне боди-арт студияларында клиенттердің бүкіл денесін емес, жартылай бояйтындарын айтты. Сурет бірнеше сағат қана тұрады, жуғанда кетіп қалады. Адамдар неге денелерін боятады? Біреулерге бұл фотосессия үшін керек. Енді біреулер Хэллоуин үшін боянады.
3

Қатысушыларға «Наурыз» және «Казиноға келген өзгепланеталықтар» деген екі тақырыпта композиция көрсетуге тапсырма берілді. Натали Свешникова (сол жақта) екінші тақырыпты таңдады. Оның моделі сіңлісі Маргарита (оң жақта) болды.
4

Тағы

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG