Accessibility links

Әбіқаев, Головкин және Алматыдағы алма фестивалі

17 қыркүйекте Алматыдағы Тұңғыш президент саябағында биыцл 1001-жылдығын атап өтіп жатқан қала күніне арнап алма фестивалі өтті. Фестиваль ашылмас бұрын саябақтағы үлкен экраннан кәсіпқой бокстан қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жегінің видеожазбасы көрсетіліп жатқан еді. Ал шара өтіп жатқан жерге Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек келер алдында трансляция тоқтатылған соң жанкүйерлер жекпе-жектің жалғасын смартфон арқылы тамашалады.

Алматы әкімі Байбек қала күнінің ашылу салтанатына өзінің көп жылғы саяси серігі, Қазақстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаевпен бірге келді. Байбек Әбіқаевқа "Алматының құрметті азаматы" атағы берілгені туралы жариялап, қаланың құрметті азаматының белгісі бар лентаны Әбіқаевқа табыс етті.

Саябақта алма, бал, тоқыма және қолөнер бұйымдарының жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Алматы күні қаланың әр ауданындағы алаңдарда көркемөнерпаздар концерттері қойылып, кәсіби әртістер өнер көрсетті. Сонымен бірге көптеген түрлі аттракциондар жұмыс істеді. Ауа райы ашық бұл күні көптеген тұрғындар мен қала қонақтары көшедегі мерекелік той-думанды тамашалап, серуен құрды.
Түгел оқыңыз

Тұңғыш президент саябағындағы үлкен экраннан кәсіпқой бокстан қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегінің видеожазбасы көрсетілді. Жанкүйерлер көптен күткен АҚШ-тағы бұл жекпе-жек қала күнінің ашылу рәсімі басталардан екі сағат бұрын тең аяқталған болатын.
1

Алматы әкімі келгенге дейін қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өткен кәсіпқой бокс жекпе-жегін үлкен телеэкраннан полиция қызметкерлері де тамашалап тұр.
2

Алматы әкімі келгенге дейін қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өткен кәсіпқой бокс жекпе-жегін үлкен телеэкраннан полиция қызметкерлері де тамашалап тұр.

Алма фестивалі басталар алдында кірпігін бояп тұрған қыз.
3

Алма фестивалі басталар алдында кірпігін бояп тұрған қыз.

Тұңғыш президент саябағы алдындағы алаңда қала әкімі Бауыржан Байбектің сөзін таңдап тұрған адамдар.
4

Тұңғыш президент саябағы алдындағы алаңда қала әкімі Бауыржан Байбектің сөзін таңдап тұрған адамдар.

Тағы

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG