Accessibility links

Алматыдағы атыс күнгі суреттер

18 шілде күні Алматыда Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы (ІІБ) мен ҰҚК департаменті ғимараттарына шабуыл жасалды. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) ақпараты бойынша, шабуылды жалғыз адам жасаған. ІІМ бес адамның қаза тапқанын хабарлады.
Түгел оқыңыз

Алматыдағы ІІБ және ҰҚК департаменті ғимараттарына жасалған шабуылдан кейін қалада террор қаупінің "қызыл деңгейі" жарияланды. Алматы ішкі істер департаменті (ІІД) "антитеррорлық операция" жүріп жатқанын хабарлады.  .
1

Атыстан кейін Алматыда қылмыскерді ұстау операциясы басталды. ІІБ аумағы қоршауға алынды. Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде атыс дыбысын естігендерін жазды.  
2

ІІД қала тұрғындарына ғимараттардан шықпауды, көп адам жиналатын жерлерге бармауды, күдікті адам көрсе хабарлауды ескертті. Түстен кейін Алматыда почта бөлімдері, кейбір банктердің филиалдары, базарлар мен сауда орындары жабылды. 
4

Кейінірек ІІМ күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Астанада өткен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов оқиғаның қалай болғанын мәлімдеп, шабуылды бір адам жасағанын айтты. Оған дейін полиция екі күдіктінің ұсталғанын хабарлаған еді. Қасымовтың айтуынша, екінші адам - қару кезеген қылмыскерді еріксіз  тасыған жүргізуші.  
5

Тағы

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG