Accessibility links

Тасқыннан соңғы тіршілік

Алматыда болған тасқыннан екі апта өтсе де әлі күнге көшелер тазаланып бітпеді. Кейбір отбасылар төтенше жағдайдың зардабын әлі тартып отыр. Оқиға орнында әскерилер мен еріктілер жұмыс істеп жатыр.

Алматыда болған тасқыннан екі апта өтсе де әлі күнге көшелер тазаланып бітпеді. Кейбір отбасылар төтенше жағдайдың зардабын әлі тартып отыр. Оқиға орнында әскерилер мен еріктілер жұмыс істеп жатыр. Балжан Балташеваның фоторепортажы. Алматы, 1 тамыз 2015 жыл.
Түгелін оқыңыз

Жұрт жиылып, көшелер мен аулаларды тазалап жатыр. Сел жүрген Қарағайлы ауылында ондаған ерікті жұмыс істеп жүр. Суретте: «Шұғыла» қоғамдық қоры еріктілері батып қалған көлікті итеріп жатыр.  
1

Тасқыннан зардап шеккен Қарағайлы тұрғыны Райхан "сел жүрген түні баспанасынан айрылғанын" айтып, көз жасына ерік берді.  
2

Селмен келген батпақ кейбір үйлердің жертөлесін толтырып тастаған. Мұндағы батпақты шығару үшін әлі талай күн тер төгу керек.  
3

Жергілікті тұрғын Алексей сел жүрген түні тасқынның сарқыраған дыбысын естігенін айтады. Ол жүкті әйелі мен екі баласын оятқан. «Есіктен шыға алмадық, терезеден шығуға тура келді» дейді ол.  
4

Тағы

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG