Қазақстан тәуелсіздігі күніне орай Алматыдағы өнер музейінде өткен көрмеге 200-ге жуық суретші мен скульптор туындыларын қойды. «Аңсаған Тәуелсіздік» көрмесі Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына ғана арналмаған, ол 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына, Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына да арналған. Музейдің үш залында тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға қатысты және тарихқа қатысы жоқ туындылар қойылды.