Accessibility links

Алматы тарихындағы «жапон қолтаңбасы»

Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы қыркүйектің 2-інде Жапонияның капитуляция туралы актіге қол қоюымен аяқталды. Осының қарсаңында, 1945 жылы тамызда, СССР Жапонияға қарсы соғыс жариялаған еді. Совет одағына жарты миллионға жуық жапон әскери тұтқындары этаппен жөнелтілді, олардың бір бөлігі Қазақстанға жіберілген. Алматыда жапон әскери тұтқындары 40-лагерьде қамауда ұсталған.
Түгел оқыңыз

Советтік Қазақстан астанасы Алматыда екі жылдай уақыт қамауда болған кезде жапон тұтқындары өнеркәсіп нысандарын, тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттарды салуға қатысты. Алматыда жүзден аса жапон әскери тұтқындарының сүйегі жерленген зират әлі бар. Суретте: Жапон әскери тұтқындары Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жапонияның капитуляциясы туралы хабарды тыңдап тұр. Гуам, 1945 жыл.
1

Советтік Қазақстан астанасы Алматыда екі жылдай уақыт қамауда болған кезде жапон тұтқындары өнеркәсіп нысандарын, тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттарды салуға қатысты. Алматыда жүзден аса жапон әскери тұтқындарының сүйегі жерленген зират әлі бар.

Суретте: Жапон әскери тұтқындары Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жапонияның капитуляциясы туралы хабарды тыңдап тұр. Гуам, 1945 жыл.

Алматы ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ) территориясындағы кейбір нысандарды тұтқын жапондар салған. 14 сәуір 2006 жыл.
2

Алматы ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ) территориясындағы кейбір нысандарды тұтқын жапондар салған. 14 сәуір 2006 жыл.

Сергей Киров атындағы машина жасау зауытының әкімшілік кеңсесі. Кейбір деректер бойынша, бұл нысанды жапон тұтқындары салған. Алматы, 21 қазан 2006 жыл.
3

Сергей Киров атындағы машина жасау зауытының әкімшілік кеңсесі. Кейбір деректер бойынша, бұл нысанды жапон тұтқындары салған. Алматы, 21 қазан 2006 жыл.

Жапон тұтқындары Қазақ ССР Ғылым Академиясы ғимаратын салуға қатысқаны туралы көп деректер бар. Алматы, 5 қараша 2013 жыл.
4

Жапон тұтқындары Қазақ ССР Ғылым Академиясы ғимаратын салуға қатысқаны туралы көп деректер бар. Алматы, 5 қараша 2013 жыл.

Тағы

XS
SM
MD
LG