Accessibility links

Ақмола облысында бөгет жарылып, тасыған су далаға жайылған

Ақмола облысы Қорғалжың ауданындағы Шөптікөл бөгеті бұзылды. Төтенше оқиға жексенбі күні кешке Сабынды ауылына тақау жерде болған деп жазды Orda басылымы.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарап жатыр. Куәгерлер Астана – Қорғалжың бағытындағы тасжолдың бір бөлігінде жол бойын тасыған су басқанын айтады.

Жергілікті билік орындары Сабынды ауылына қауіп жоқ, жағдай толық бақылауда екенін және тасқын бұзған бөгетті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты деп жазды Orda.

Төтенше жағдайлар қызметі тасжолға зақым келмегенін, көлік қозғалысы тоқтамағанын хабарлады.

Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасында су деңгейі бір күнде 13 сантиметрге көтеріліп, кейбір бөлігінде су таси бастағанын жергілікті басылымдар жазған.

Оның алдында төтенше жағдай министрлігі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай және Батыс Қазақстан облыстарында 15 елді мекенге су басу қаупі төнгенін хабарлаған.

This item is part of
XS
SM
MD
LG