Accessibility links

АҚШ Өзбекстанның тағы 18 азаматын еліне қайтарды

АҚШ билігі депортация жасаған шетелдік азаматтар. Техас штаты, АҚШ, 27 қаңтар, 2025 жыл (архивтегі фото)
АҚШ билігі депортация жасаған шетелдік азаматтар. Техас штаты, АҚШ, 27 қаңтар, 2025 жыл (архивтегі фото)

АҚШ-тан Өзбекстанға қайтарылғандар Ташкентке кезекті чартерлік рейспен жеткізілді деп хабарлады Өзбекстан сыртқы істер министрлігі жанындағы "Дунё" агенттігі.

Ташкент бұл шараны "АҚШ пен Өзбекстанның құзырлы органдары арасындағы үйлестірілген іс-әрекеттің нәтижесі" деп атады. Ресми ақпаратта шара барысында азаматтарды анықтау, құжат рәсімдеу және қауіпсіз тасымалдау жұмыстары келісілгені айтылған.

Бұған дейін маусым айында АҚШ-тан депортацияланған 26 өзбек азаматы арнайы рейспен отанына жеткізілген. Мұның алдында осындай депортациялық рейстер биыл мамыр, наурыз және қаңтар айларында да ұйымдастырылған деп жазды Gazeta.uz басылымы.

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі 2025 жылдан бастап заңсыз миграцияға қарсы ауқымды жаппай депортация бағдарламасын жүргізіп келеді.

Ресми дерекке сәйкес, Трамптың екінші президенттік мерзімінің алғашқы жылы АҚШ жалпы саны 600 мыңнан астам адамды депортациялаған, АҚШ аумағында заңсыз жүрген тағы 1,9 млн адам өз еркімен шығып кеткен.

Трамп екінші рет билік басына келгелі бері Өзбекстанға 700 жүздей азамат қайтарылған деп жазды биылғы жылдың басында Gazeta.uz басылымы.

Айдар
XS
SM
MD
LG