Биыл жаздан күзге дейін халықаралық көрме өткен Астанадағы EXPO көрмесі қалашығы аумағында қазір адам қарасы аз. Мұндағы орталық нысандардың бірі - "Нұр Әлем" сферасында енді болашақ энергиясының мұражайы жұмыс істейді. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, көрме өткеннен бері мұндағы жағдай өзгермеген.
"EXPO мұрасы"

1
EXPO аумағына кіретін жерде қазір енді ұзын-сонар кезек жоқ, бұрынғыдай күшейтілген қауіпсіздік шарасы да сезілмейді.

2
Мұндағы орталық нысан - "Нұр Әлем" енді болашақ энергиясының мұражайына айналған. Ересектер үшін кіру билетінің бағасы 1500 теңге. Мектеп оқушылары, студенттер мен зейнеткерлерге арналған билет бағасы одан арзанырақ.

3
EXPO территориясында «туристік аймақтың» ашылуы іс жүзінде орталық ғимараттың есігін ашуды білдіретін болып шықты. Болашақ энергиясының мұражайы қызметкерлерінің айтуынша, көрме өткелі бері мұндағы жағдай еш өзгермеген.

4
"Әйнек көпірдің" үстінен бір-бірін жетектеп және жақтаудан ұстап, баяу қадам басып кетіп бара жатқан отбасы мүшелері.
AzattyqTV
Тәуелсіз сегмент
Путин Ресейге автономды интернет қажеттігін айтты
Фотогалерея
-
Жиынның іші мен сыртында
Алматы мен Астанада әкімдердің халықпен кездесуі
Көз сала отырыңыз
-
Әкіммен кездесу алдында
Полиция белсенділерді неге ұстады?
-
Жаңа бастама
Партия құруға өтініш берудің астарында не бар?
-
The Washington Post
Тәжікстанда Қытайдың "құпия" әскери нысаны бар