Accessibility links

Астана аспанында парашютпен қалықтау

Астанада парашютпен секіруді жай көңіл көтеру деп емес, спорт өнері деп қабылдайтындар бар. Жазғы маусымда әр демалыс күндері "Северный" аэродромына келетіндердің кейбірі өмірінде тұңғыш рет парашютпен секіріп, ерекше әсер алса, енді біреулер шеберлігін шыңдай түсу үшін жаттығуды кезекті мәрте қайталайды.
Түгел оқыңыз

Аспанда парашютпен қалықтауға дайындық жерде басталады. Парашютпен шұғылданатын спортшылар алғаш рет секіретіндердің парашютін жинастырып отыр.
1

Астанада парашют спорты федерациясы 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Мұндағылар осы уақытқа дейін парашюттері әуеде үнемі дер кезінде ашылып келгенін айтады. "Ең келеңсіз жағдайды айтар болсақ – денені ауыртып алған кездер болған", - дейді ұйымдастырушылар.
2

Парашютпен секіруге тілек білдіргендер жаттығуды өз еркімен жасайтындығы және оның салдары үшін жауапкершілікті мойнына алатыны туралы құжатқа қол қойып жатыр.
3

Парашютпен секіруді жаңадан үйренушілерді әуелі жерге дұрыс қонудың қыр-сырымен таныстырады. 800 метр биіктіктен жалғыз секірмес бұрын мұны білу – аса маңызды. Қалғаны техниканың шаруасы: егер жаттығу кезінде ұшақтан секірген адам әуеде парашютті өздігінен аша алмаса, сәлден кейін парашют автоматты түрде өзі ашылады.
4

Тағы

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG