Accessibility links

Белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян екі айға қамалды

Атырау қалалық 2-соты судьясы Гүлжихан Мутиева маусымның 3-і күні ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің өтінішін орындап, жергілікті белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды екі ай абақтыда қамауда ұстауға шешім шығарды. Бұған дейін ҰҚК ол екеуіне қылмыстық кодекстің «қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» және «билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру» баптары бойынша айыптар таққаны хабарланған. 17 мамырда «жиын өткізу заңын бұзды» деген айыппен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған Макс Боқаев пен Талғат Аян содан бері абақтыда отыр. 24 сәуірде Атырауда болған жер реформасына қарсы митингіде сөз сөйлеген Макс Боқаев пен Талғат Аян өздеріне қисынсыз айыптар тағылғанын айтады. 3 маусым 2016 жыл.

16x9 Image

Сәния ТОЙКЕН

Сәния Тойкен Азаттық радиосында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Республикалық  "Қазақстан пионері", "Жас Алаш" газеттерінде тілші болған. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Атырау облыстық "Ақ Жайық" газетінде  тілші, қазақ редакциясының редакторы, Маңғыстау облысында шығатын "Не хабар?!" апталығының редакторы болып жұмыс істеген. 

Сәния Тойкен 2017 жылы журналист әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) тағайындаған "Журналистикадағы батылдығы үшін" сыйлығын иеленді. Ол - бұл беделді сыйлықты алған алғашқы қазақстандық журналист.

Пікірлерді көріңіз (1)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG