Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Атыс астындағы Авдеевка
2 ақпан 2017 жыл, 09:00
Шығыс Украинадағы Авдеевка елді мекенінің атыс астында қалғанына бірнеше күн болды. Шабуыл салдарынан Авдеевка ішінара электр қуатынан ажырап, кей үйлер сусыз және жылусыз қалған, мобильдік байланыс нашарлаған.
1
Авдеевка елді мекені Украинаның шығысындағы Донецк облысының орталығы, қазіргі кезде ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Донецк қаласының солтүстік жағында орналасқан. Соңғы бірнеше күн бойы Авдеевканың төңірегінде қарулы шайқас үдеп кеткен.
2
Авдеевканың іргесінде артиллерия мен минометтерден атқылап жатыр.
3
Елді мекеннің көп бөлігінде электр жарығы жоқ, атыс салдарынан тұрғындар сусыз және жылусыз қалған.
4
5
Құтқарушылардың мәліметі бойынша, Авдеевкада суықтан тоңғандарға арналған 11 жылыту орны жұмыс істеп тұр.
6
Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметтің мәлімдеуінше, Авдеевкадан 77 адам, соның ішінде 58 бала эвакуацияланған.
7
Соңғы күндері болған қарулы шабуыл салдарынан Авдеевканы жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп тұрған кокс-химия зауыты және Кальмиус өзеніндегі сүзгі станциясын айтарлықтай зақым келген. Осы сүзгі станциясынан таза суды Донецк пен маңайындағы аудандарға жіберетін.
8
Авдеевка тұрғындары ыстық ас алу үшін кезекте тұр.
9
Ақпанның 1-і күні түс кезінде (Киев уақытымен) сепаратистер мен украиналық әскерилер "тыныштық режимі" туралы жаңа келісім жасады. Жергілікті энергетикалық компания қызметкерлері атыс салдарынан бүлінген электр желісін тыныштық орнап тұрғанда жөндеп, қайтадан іске қосуды жоспарлаған еді. Бірақ, арада бірнеше сағат өткенде Донецк облысы билігі оқ атпау келісімі бұзылып, электр желісін жөндеуге шыққан бригаданың оқ астында қалғаны туралы мәлімдеген.
10
11
Авдеевканы «Град» қаруынан атқылау және оларға украиналық әскерилердің жауап ретінде оқ атуы салдарынан бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар екені хабарланды.
12
Жанжалға қатысушы тараптар бір-бірін "оқ атпау келісімін бұзып, бейбіт тұрғындарды өлтірді" деп айыптап жатыр.
13
Авдеевкада қазір күрделі жағдай қалыптасқан.
Атыс астындағы Авдеевка
Пікірлерді көріңіз
ПІКІРЛЕР
Back to top
XS
SM
MD
LG
ПІКІРЛЕР