Жаз суреттерінің бояуы қыстікінен гөрі қанық болады.
Тамыздың "фотокелбеті"
Тамыз айы - көп елдерде тыныш мезгіл. Базарлар жеміс-жидекке толады, туристер көбейеді, спортшылар жаттығу жасайды.

1
Қазан қаласындағы (Ресей) сатушы бала түскі асын ішіп отыр. (Reuters/Hannibal Hanschke).

2
Киевтегі Халықтар достығы монументіндегі ана мен бала. (epa/Sergei Dolzhenko).

3
Сирия еркектері Грекияның Кос аралындағы стадионда босқындарды тіркеу кезінде балалы әйелге жол беріп тұр. Жергілікті билік Сирия-Түркия шекарасынан теңіз арқылы келетін босқындар мен мигранттардың көбеюі проблемасымен ұшырасып отыр. (Reuters/ Yannis Behrakis).

4
Сараево қаласында велосипедшілер жабық бобслей трассасында жылдам жүруге жаттығып жатыр. 1984 жылғы қысқы олимпиаданың басқа ғимараттары сияқты бұл нысан да істен шығып қалған. Бұл елдегі спорттық нысандардың көбі қирап жатыр. (Reuters/Dado Ruvic).

5
Кабул әуежайында болған жарылыс. Бұл жарылыстан, арасында бір бала бар, жеті адам қаза тапты. (AFP/Shah Marai).

6
Новосибирскіде (Ресей) өткен әскери жарысқа қатысып жатқан Қытай солдаттары. (TASS).

7
Шринагар (Кашмир) қаласының мемлекеттік қызметкерлері қарсылық акциясын өткізіп тұр. Үндістан полициясы оларды тарату үшін су шашты. (epa/Farooq Khan).