Австрияда желтоқсанның 12-і күні газ құбырында болған жарылыстан бір адам қаза тауып, кемінде 18 адам жарақат алған. Төтенше оқиға кезінде станцияда барлығы 50 адам жұмыс істеп жатқан. Австрия полициясының хабарламасында жарылыс пен өртке Баумгартен қаласы маңындағы газ тарату станциясындағы техникалық ақау себеп болғаны айтылған. Полиция Еуропаға табиғи газ жеткізетін негізгі орталық саналатын нысандағы жағдай бақылауға алынғаны туралы хабарлады.
ПІКІРЛЕР