Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.
Қайырғали Көнеев: Қазақстанда коронавирус пандемия емес, қып-қызыл саясат болды
Қайырғали Көнеев коронавируспен күрес кезіндегі үкімет қателіктерінің өтеуі Қазақстанға ауыр тиді деп санайды. "Әңгіме қайда және қалай жұмсалғаны күмән тудыратын қаржыға ғана емес, індет кезінде демі үзілген жүздеген адам шығынына келіп тіреледі" дейді ол. 20 жылдық еңбек тәжірибесі бар алматылық дәрігер Қазақстанда Covid-19 індеті басталғалы денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шараларды саралап, кейбірін сынап жүр. Азаттыққа берген сұхбатында маман елдегі статистиканың жүргізілу "ерекшеліктері" мен індеттің не себептен "саясатқа айналғанын" айтып берді.
Сұхбаттың толық нұсқасын оқыңыз. Видеосын мына жерден көре аласыз.
"Бұл геноцидке бей-жай қарамауымыз керек". Сайрагүл Сауытбай жайлы кітап авторымен сұхбат
"Шыңжаңдағы адамдардың жағдайының сорақылығы соншалық, қол қусырып отыруға дәтің шыдамайды", - дейді неміс журналисі, жазушы Александра Кавелиус. Биыл маусымда оның Қытайдағы лагерьлер туралы Die Kronzeugin атты (неміс тілінен аударғанда "басты куәгер" - ред.) атты кітабы жарық көрді. Кітаптың қосалқы авторы әрі бас кейіпкері – Шыңжаң мұсылмандарын түрмеге жабу үшін құрылған "саяси қайта тәрбиелеу лагерьлеріндегі" жағдайды алғашқылардың бірі болып әлем қауымдастығына жеткізген Қытайдың этникалық қазағы Сайрагүл Сауытбай. Кавелиустың айтуынша, жұмыс барысында жазушыға қоқан-лоқы көрсетілген, кітапты шығаруға келісетін баспагер табу қиынға соққан. Бірақ қазір жаңа туынды Батыс Еуропаның бірнеше елінде ең көп сатылған кітаптар қатарына енген.
Сұхбатты мына жерден оқыңыз
Тоқаевтың "еститін" үкіметі тұсында "саяси тұтқын" деп танылғандар көбейді
Былтыр Қазақстан президенті болып сайланған соң демократиялық өзгерістерді қолға аламын деп уәде еткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі тұсында елде саяси көзқарасы үшін қудалауға ұшырап, қамалғандар көбейді. Құқық қорғаушылар жағдайға алаңдап отыр. Халықаралық ұйымдар саяси тұтқындар туралы хабардың жиілеген сайын президент Тоқаев уәде еткен "қоғаммен диалог орнататын" "еситін" мемлекет құруға ешқандай талпыныс жоғы айқындалып келеді дейді.
Мақаланы мына жерден оқыңыз
Мәсімов отбасының Парижге сапары Ұлыбританиядағы тергеуге ілік болды
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, қазір арнаулы қызметті басқаратын Кәрім Мәсімовтің отбасының Парижге сапары жемқорлыққа қатысы болуы ықтимал істі зерттеп жүрген британ тергеу органдарының назарына ілікті деп хабарлады батыс баспасөзі. Қазір Ұлыбританияның ірі алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі басқармасы (Serious Fraud Office, SFO) 2011 жылғы саяхатты жемқорлық фактісі болуы ықтимал деп қарастырып, тексеріп жатыр деп жазады батыс басылымдары. Басқарма аты-жөні аталмаған "қазақстандық диссидент" жолдаған Мәсімовтің көмекшісі мен Орталық Азия еліндегі түсті металл кен орындарына ие "Қазақмыс" компаниясы қызметкерлерінің электронды хаттарын алған соң тексеруге кіріскен.
Мақаланы осы жерден оқыңыз.
"Дамыған қоғам мен тоқыраған биліктің қақтығысын көріп отырмыз"
Қазақстандық PaperLab саяси-қолданбалы зерттеу орталығы елдегі қоғамдық белсенділіктің қазіргі ахуалы жайлы "Activists 2.0. Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің цифрлы технологиялар дәуіріндегі трансформациясы" атты зерттеу жүргізді. Әлеуметтанушылар елдегі белсенділік пен белсенділердің жағдайын зерттеген. Азатық зерттеу авторларының бірі, әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтан сұхбат алды.
Сұхбатты мына жерден оқыңыз.
"Коронавируске ем деп іштік". Нәпақаны қымыздан тапқан шаруа отбасы
Торғай өңіріндегі Құмкешу ауылында тұратын ерлі-зайыпты Дүйсенбек Мырзекеев пен Алтын Князьева күніне 120 литр қымыз дайындап, сатады. Көктемде бие байлаған отбасы короновирус өршіген кезде науқастарға қымыз беріп көмектескен. Отыз үш бие ұстайтын шаруа үнемі сұранысқа ие шипалы, нәрлі сусынды көбейту үшін үкімет жылқыға субсидия беріп, қолдау танытса дейді.
Шымкенттік әуесқой суретші Вениамин Шульгин коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантин кезінде қаладағы көпқабатты үйлердің ауласындағы гараж-сарайларға жиырмаға жуық сурет салып шыққан. Ол мұны індеттен жабырқаған тұрғындардың көңілін көтеру үшін салғанын айтады.
Суретші туралы хикаяны оқыңыз. Видеосын осы жерден көре аласыз.
ПІКІРЛЕР