Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Қанат пен Маржан


Айтыскер Қанат Мырзахан. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.
Айтыскер Қанат Мырзахан. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкент қаласында екі күнге созылған республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан айтыс биыл Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.

Екі күнге жалғасқан айтыстың үшінші айналымында сахнаға алғашқы жұп болып алматылық айтыскер Қанат Мырзахан мен Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Маржан Есжанова шықты.

Алдымен сөз бастаған Қанат Мырзахан Төле би заманы мен қазіргі қазақ қоғамын салыстырып, ел билегендерді сипаттап шықты:

– Кешегі Төле билер заманында
Шарлапты жақын менен дау шалғайды.
Сондағы Төле бидің тапқырлығын
Ауызбен айтып адам тауыса алмайды.
Салиқалы сөзінің арқасында
Талай рет шешілген сарсаң қайғы.

Бірақ ол өзі жеткен еңбегі үшін
Ешкімнің қалтасына қол салмайды.
Бүгінгі шенеуніктер секілденіп,
Жанап кеткен жерінен «сом салмайды».

Қалтасына бірдеме сап бермесең
Қолдарына қит етіп қамшы алмайды.
Қара басын күйттеп жүргендіктен,
Қарындары тоймаса ән салмайды.
Қамқорлықпен қарамай ел-жұртына,
Жемқорлықпен адымы алшаңдайды.
Алаяқтық жасаудан кейбіреуі
Желаяқтай алдына жан салмайды.

Айтыс ақыны Маржан Еcжанова. Шымкент, 16 наурыз 2013 жыл.
Айтыс ақыны Маржан Еcжанова. Шымкент, 16 наурыз 2013 жыл.
Маржан Есжанова айтысқа тігілген көліктен дәметкен қарсыласын сөзбен түйреп, «анасы баласымен жүлдеге таласпайтынын» айтты:

– Мен сені шыға сала «балам» дедім.
Бірақ халқым мынаған алаң дедім.
Бауырына басам деген анасының
Ауызынан «дәм аңдыған» жаман дедім.
Арманың көлік болса, жеңіс болса,
Ризамын, топ алдында саған бердім.

please wait

No media source currently available

0:00 0:11:50 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG