Accessibility links

"Қытай жобаларына" қарсылық. Жаңаөзендегі наразылық неден тұтанды?


Жаңаөзенде басталған митинг. Қытайға қарсылық неден тұтанды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:43:04 0:00

Жаңаөзенде басталған митинг. Қытайға қарсылық неден тұтанды?

AzattyqLIVE тікелей эфир хабарында Қазақстанның бірнеше қаласында "Қытай жобаларына қарсылық" акциясына шыққандардың талабын талқылады. Хабарға құқық қорғаушы, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғалары кезінде мұнайшыларға заңдық көмек көрсеткен белсенді Ерлан Қалиев қатысты.

4 қыркүйекте Алматы қалалық әкімдігі алдына ондаған адам жиналып, Қазақстанда Қытай қаржысына өнеркәсіп салу жобаларына қарсы акция өткізген жаңаөзендіктерді қолдады. Олар елдің "Қытай өнімдеріне тәуелді болып бара жатқанын" айтып, мемлекет тәуелсіздігіне алаңдап отырғанын жеткізді.

Соңғы бірнеше күн бойы Жаңаөзенде тұрғындар қаланың орталық алаңына жиналып, Қытай инвестициясына Қазақстанда кәсіпорындар салу жобаларын тоқтатуды талап еткен еді. Содан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Семей және Шымкентте де белсенділер қарсылық акцияларын өткізді.

Бұған дейін Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-12 қыркүйекте Қытайға алғашқы ресми сапарымен баратынын хабарлаған. Тамыздың соңында Нұр-Сұлтанда Қытай елшісімен кездескен Тоқаев бұл сапарды "қазақ-қытай қатынасындағы маңызды оқиға" деп сипаттап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Пекин мен Нұр-Сұлтан арасында "халықаралық күн тәртібіне қатысты барлық мәселе бойынша ашық әрі сындарлы диалог орнағанын" айтқан.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы сәуірде Қытай басылымдарына берген сұхбатында Қытайдың Қазақстандағы 55 ірі жобасының 15-і жұмысын бастағанын, 11 нысан биыл пайдалануға берілетінін айтқан.

Қытай - Қазақстанға ең көп инвестиция құятын - төртінші, ең көп қарыз беретін үшінші ел. Қытай Қазақстанды шикізат көзі, сауда нарығы және транзит аймағы ретінде пайдаланады. Былтыр Қытай Қазақстанға екі миллиард 62 миллион юань көлемінде кредит берген. Қазақстанның Қытайға қарызы 12 миллиард доллардан асады.

AzattyqLIVE тікелей эфирінде "Соңғы наразылықтарға не себеп?", "Қытай саясатына қарсылық неден шықты?", "Жаңаөзендіктер бастаған митингілердің өзге акциялардан айырмашылығы бар ма?", "Қытай елшісі Джан Сяо айтқандай, үшінші күштердің араласуы мүмкін бе?" деген сауалдарға құқық қорғаушы, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғалары кезінде мұнайшыларға заңдық көмек көрсеткен белсенді Ерлан Қалиев жауап берді.

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Әкімдік солтүстіктен оңтүстікке көшкен бес балалы шаңырақты сотқа бермек
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:49 0:00
XS
SM
MD
LG